helix3->PresetParam('_megabg')) ? $this->helix3->PresetParam('_megabg') : '#ffffff'; $megabgtx = ($this->helix3->PresetParam('_megatx')) ? $this->helix3->PresetParam('_megatx') : '#333333'; $preloader_bg = ($this->helix3->getParam('preloader_bg')) ? $this->helix3->getParam('preloader_bg') : '#f5f5f5'; $preloader_tx = ($this->helix3->getParam('preloader_tx')) ? $this->helix3->getParam('preloader_tx') : '#f5f5f5'; // load css, less and js $this->helix3->addCSS('bootstrap.min.css, font-awesome.min.css') // CSS Files ->addJS('bootstrap.min.js, jquery.sticky.js, main.js') // JS Files ->lessInit()->setLessVariables(array( 'preset' => $this->helix3->Preset(), 'bg_color' => $this->helix3->PresetParam('_bg'), 'text_color' => $this->helix3->PresetParam('_text'), 'major_color' => $this->helix3->PresetParam('_major'), 'megabg_color' => $megabgcolor, 'megatx_color' => $megabgtx, 'preloader_bg' => $preloader_bg, 'preloader_tx' => $preloader_tx, )) ->addLess('legacy/bootstrap', 'legacy') ->addLess('master', 'template'); //RTL if ($this->direction == 'rtl') { $this->helix3->addCSS('bootstrap-rtl.min.css') ->addLess('rtl', 'rtl'); } $this->helix3->addLess('presets', 'presets/' . $this->helix3->Preset(), array('class' => 'preset')); //Before Head if ($before_head = $this->helix3->getParam('before_head')) { echo $before_head . "\n"; } ?>
Пятница, 09 октября 2020 10:12

Қазақы тазы мен төбетті асырау ұлттық спортқа айналады

Қазақы тазы мен төбетті асырау ұлттық спортқа айналады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап. Бұл туралы телеарна тілшілеріне ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев айтты.

"Қазіргі уақытта атбегі, құсбегі деген бар. Итбегі деген тек қоғамдық ұйымдарда ғана бар. Біз оны республикалық деңгейде, аймақтарда ресми мемлекет тарапынан болуы керек деп жұмыс жасауымыз керек. Енді тарихқа тоқталсақ, Ботай деген аймақта өзіңізге белгілі Виктор Зайберт мына біздің көнеде жылқының қалдықтарын тапқан болатын. Сонымен бірге ол Ботайда жылқының қасында иттің қалдықтарын тапқан болатын. Бұл фактор біздің бабаларымыз мал баққында атпен ғана емес, тазы-төбетпен болған деп дәлелдейді", - дейді Жарасбаев.

6cdc1ff2f290e088a6e5cc9a25d6ff0c

Осылайша Спорт және дене шынықтыру істері комитеті тарихи құндылығымызды қайта жаңғыртпақ. Ол үшін министрлік тарапынан лицензияланған ұйым керек. Көп жылдан бері қазақы итті түгендеумен айналысып келе жатқан "Қансонар" бірлестігі осы іске демеу. Федерация құрып, ресми жарыстар өткізуге мүмкіндік алмақ. Жарыс болғанда кәдімгі ат бәйгесі секілді тазылардың жарысына да куә болуымыз мүмкін. Содан кейінгі кезең - ЮНЕСКО деңгейінде қазақтың тарихи мұрасы ретінде таныстыру. Сонда ғана ұлтқа тиесілі дүниені ешкімнің меншіктеп алуға құқы болмайды екен.

Жарасбаевтың айтуынша, екінші кезеңде ресми жарыстарды өткізу жоспарланып отыр.

"Келесі жылдан бастап. Сонымен бірге біз Мәдениет және спорт тарапынан үлкен жұмыс тобын құрып жатырмыз. Жұмыс тобының қасында қалай дамытамыз, жоспарды бекітеміз. Бірақ қазір бізде не тазы, не төбет тіркелмеген. Кезінде 1936 жылы бірінші рет осы 2 тұқым бойынша мақалалар шыққан болатын. Бірақ халықаралыққа шықпаған. Мысалы қазір қарасақ, Түрікменстан өз алабайларын тіркеп, дамытып жатыр. Біз де сол жұмыстарды дамытуымыз керек", - дейді шенеунік.

fb573516501ca39603f0326d27ed09a2

Ал елордалық "Асыл қазына" тазы асылдандыру ұйымының мүшесі Алмас Оралбектің осы іспен айналысып жүргеніне 20 жылдай болыпты. 

"Әрдайым бұларға еттен басқа дәрумендер, кальций сияқты. Адам ағзасы сияқты дәрумендер керек. Жүгіруіне, аяқтарының сіңіріне пайдалы, сол үшін әрдайым қозғалыста болуы керек. Енді мемлекет тарапынан көңіл бөлінсе дейміз. Бәрі айтады, қолға алып жатырмыз деп, бірақ сонда да. Бұл ұлттық құндылығымыз ғой. Мамандардың айтуынша, қазақы тазы мен төбеттің генетикалық ерекшелігін қазақстандық кинологтар да айтады. Сондықтан өзгелерінен оқшау ұстап, тұқымын сақтау қажет.", - дейді ол.

Біздегі тазылар генетикалық таза болуы керек деген пікірде "Қансонар" қоғамдық бірлестігінің бас кинологы Инна Назаренко да айтып отыр. 

5a8ac30ebd7a2f9bff43555447b63bdd

"Оны иттердің басқа тұқымымен араластыруға болмайды. Өз тәжірибемде осындай жағдайлар көп кездесті. Кейбіреулер хабарласып, қазақы тазы мен ауған тұқымын қосқандарын айтты. Бұл дұрыс емес. Негізі қазақы тазыны иемденгісі келетіндер көп. Сондықтан біз оның 10-ға тарта генетикалық ерекшелігін дәлелдеп шығуымыз керек", - дейді Назаренко.

Тілшілердің айтуынша, елімізде алдағы жылдары тазы иті халықаралық деңгейде мойындалады. Елімізде алдағы 1-2 жыл бойы осы тұқымдас иттерге генетикалық талдау жүргізу көзделіп отыр. Нәтижесінде ЮНЕСКО деңгейінде ұлттық мұра ретінде ұсынылады. Дәл осы тазыдан ат бәйгесі секілді аламандар ұйымдастыру да жоспарда бар екен.

Ресми дерек бойынша Қазақстанда 1500-дей ғана тазы бар. Қазақы төбеттің де төбесі көрінбей барады. Бар-жоғы 170 қана. 

Источник: tengrinews.kz

Прочитано 3748 раз
Оцените материал
(0 голосов)

footerlogo

 

«Информационно-развлекательный интернет-ресурс об охоте, рыбалке и активном туризме».
© 2024 Сайт Кансонар. Все права защищены.

Яндекс.Метрика