«Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның ҚӨФ жедел топ инспекторлары Орталық өңірлік филиал инспекторларымен бірлесіп, қашып құтылмақ болған автокөлікті тоқтатады, автокөлік ішінде Қызылорда қаласының үш бірдей азаматы болған. Автокөлікті тексеру барысында 1 дана қолара, 1 дана 12 калибрлі қара түсті аңшы мылтығы және 11 дана патрон табылған.
Аталған оқиға орнына Ұлытау аудандық полиция бөлімінен жедел тергеу топ шақыртылып, қылмыстық оқиғаға қатысты ұсталған үш азаматтың жеке басын анықтау барысында олардың бұрын киік аңын атып алып, сотты болғаны анықталды.
Аталған дерек Ұлытау АПБ-де 06.05.2019 жылғы СДТБТ тіркеліп, ұсталған тұлғаларға қатысты ҚР ҚК-нің 337 бабы 4 бөлігінің 2 және 4 тармақтарымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.