Құрметті аңшылар қауымы!
Аңшылық маусымының әр ашылуын көптен көрмеген достарымен, қызыққа толы сәттерін асыға күтетін әрбір аңшы үшін үлкен мереке. Алайда, елдегі эпидахуалдың қиын жағдайы, көптен бері жалғасып келе жатқан қауіпсіздік шараларының сақталуына қарай өзін-өзі оқшаулау тәртібін сақтау қандай қиын болғанын білесіздер. Енді міне, көп уақытқа созылған үзілістен кейін табиғатпен тікелей байланысу арқылы аңшылықтың айтып тауыса алмайтын сан түрлі қызықтары мен бойға күш-қуат беретін мүмкіндіктеріне қайта жол ашылды.
Сіздің барлық талап-тілегіңіздің іске асуы, денсаулыққа байланысты екенін ескерер болсақ, айналаңыздың және өзіңіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі-вакцинация салдырып, қалыпты иммунитет қалыптастыруды ұмытпағаныңыз абзал. Сонымен бірге, аңшылықтағы қауіпсіздіктің басты тәртібі-терең білім, аң аулау тәртібінің қатаң сақталуын естен шығармау.
Аңшылық маусымының ашылуына орай, мемлекеттік қызметкерлерді, құқық қорғау органдарының осы салаға жауапты барлық қызметкерлерін туған табиғатты қорғауға, аң аулау Ережесінің қатаң сақталуына бір кісідей ат салысуға шақырамыз!
Құрметті аңшылар!
Сіздерді жаңа аңшылық маусымының ашылуымен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақытты ұзақ ғұмыр сүрулеріңізге тілектеспіз!
Қанжығаларыңыз құры болмасын!
«Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субьектілерінің Республикалық Қауымдастығының Басқармасы мен Орталық аппарат ұжымы.
Уважаемые охотники!
Начало охоты - большой праздник для охотников, каждый из которых с нетерпением и предвкушением ждет не только очередной теплой, радостной встречи с друзьями, но и волнующих моментов самой охоты. В связи с пандемией коронавируса вы, соблюдая режим самоизоляции, ощутили, что охота пуще неволи. Теперь, после долгого перерыва у вас появилась возможность испытать массу положительных эмоций от общения с природой, ощутить выброс адреналина при виде своего трофея.
Уверены, что вы, готовясь к охоте, приобретая необходимые снаряжения для этого, не забыли укрепить и свой иммунитет, пройдя процедуру вакцинации, являющейся сегодня основным методом профилактики. Ваше здоровье является тем ресурсом, от которого зависит уровень удовлетворения практически всех ваших потребностей.
Считаем, что строгое и неуклонное соблюдение всех правил безопасности – долг каждого гражданина, а на охоте главное условие безопасности - это твердое знание и обязательное выполнение ее правил, а также строгая дисциплина охотников при производстве охоты.
В связи с началом охотничьего сезона, обращаемся к государственным служащим, сотрудникам правоохранительных органов быть образцом соблюдения правил охоты, бережного отношения с природой.
Дорогие любители охоты!
Поздравляем вас с началом открытия охоты. Желаем крепкого здоровья, прожить долгую счастливую жизнь, не пропуская сезоны охоты.
Ни пуха, ни пера!
Правление и коллектив Центрального аппарата Республиканской ассоциации общественных объединений охотников и субъектов охотничьего хозяйства «Кансонар».