helix3->PresetParam('_megabg')) ? $this->helix3->PresetParam('_megabg') : '#ffffff'; $megabgtx = ($this->helix3->PresetParam('_megatx')) ? $this->helix3->PresetParam('_megatx') : '#333333'; $preloader_bg = ($this->helix3->getParam('preloader_bg')) ? $this->helix3->getParam('preloader_bg') : '#f5f5f5'; $preloader_tx = ($this->helix3->getParam('preloader_tx')) ? $this->helix3->getParam('preloader_tx') : '#f5f5f5'; // load css, less and js $this->helix3->addCSS('bootstrap.min.css, font-awesome.min.css') // CSS Files ->addJS('bootstrap.min.js, jquery.sticky.js, main.js') // JS Files ->lessInit()->setLessVariables(array( 'preset' => $this->helix3->Preset(), 'bg_color' => $this->helix3->PresetParam('_bg'), 'text_color' => $this->helix3->PresetParam('_text'), 'major_color' => $this->helix3->PresetParam('_major'), 'megabg_color' => $megabgcolor, 'megatx_color' => $megabgtx, 'preloader_bg' => $preloader_bg, 'preloader_tx' => $preloader_tx, )) ->addLess('legacy/bootstrap', 'legacy') ->addLess('master', 'template'); //RTL if ($this->direction == 'rtl') { $this->helix3->addCSS('bootstrap-rtl.min.css') ->addLess('rtl', 'rtl'); } $this->helix3->addLess('presets', 'presets/' . $this->helix3->Preset(), array('class' => 'preset')); //Before Head if ($before_head = $this->helix3->getParam('before_head')) { echo $before_head . "\n"; } ?>
Вторник, 19 июля 2022 15:58

МҮЙІЗІ СОР БОЛЫП, ШЕШІМІ ТАБЫЛМАЙ КҮЙІП ТҰРҒАН КИІК МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ

Тағдыры қазақ пен тағдырлас, талай қырғын – сүргін көрген осы түз тағысы - киік мәселесінің бүгінгі күні шешімі табылмай күйіп тұрғаны ақиқат. Жақында жол шығып Батыс Қазақстан облысының Бөкейордасы, Жәнібек аудандарында бірнеше күн болып қайттым. Ауылдың жағдайы белгілі, барған жерлерде алыстан келдің деп қонақ жасап сыйқұрметтерін көрсетіп жатады. Қай жерге барғанда да байқағаным, дастархан басындағы әңгіменің негізгі желісі сайын даланы мыңдаған жылдар бойы халқымызбен бірге мекен етіп келе жатқан түз тағысы - киік мәселесіне байланысты болды. 

Халқымыз ежелден тағдыры өзімен тағдырлас киікті киелі жануар деп бағалап, саны азайып кеткен кездерінде «Азайды соңғы кезде байғұс бөкен, мың – мыңдап баяғыда жүреді екен» деп олардың тағдырына алаңдап жырғада қосқан.

Десек те, бүгінгі батыс өңіріндегі ауыл қазағының басты бас ауруы – осы киік мәселесі. Онсызда, соңғы жылдары жауын жаумай, қуаңшылық салдарынан баққан малдарына беретін су көздерін, шабындық - жайілім жерлерін көздерінің қарашығындай қорғап отырған ауылдағы мал ұстаған жеке шаруа шаруашылықтарын біржағынан осы киік мәселесі титықтатып жібергені байқалады. 

Ресми деректер бойынша киіктің саны 1960 жылдары елімізде 1 миллион 500 мыңнан асыпты. Алайда мүйізі үшін қырып – жоюдың және өткен ғасырдың соңғы жылдарында арқа өңірінде жүз мыңдап қырылып қалуының салдарынан 2003 жылы олардың саны күрт азайып тек 21 мыңдайы ғана қалған. 

Сол кезде киіктерді құтқару үшін Республикалық мемлекеттік «Охотзоопром» атты мекемеде құрылып, 1999 жылы аулауға, 2004 жылдан бастап киіктің мүйіздерін экспортқа шығаруға тиым салынып, олардың санын көбейту және қорғау мақсатында үкімет тарапынан шаралар қолға алынды. Қорғау шаралары қолға алынғалы бюджет есебінен қыруар қаражат бөлініп, жұмсалды. Нәтижесінде биылғы 2022 жылғы мамыр айында жүргізілген санақ бойынша, елімізде олардың саны 1 миллион 318 мыңға жеткен. Соның ішінде батыс өңірінде 801 мың басқа жеткен. 

Айта кету керек, киік қырғыны үкімет тарапынан қабылданған шаралардан кейінде тоқтала қойған жоқ. Бүгінде тағдыры түз тағысына емес адамға тәуелді олардың басты жауы – заңсыз бетімен кеткен аңшылар болып тұр. Кейбір деректерге сенсек, бір килограмм киіктің мүйізінің құны 4-6 мың АҚШ доллары көлемінде бағаланады екен. Осындай үлкен сұраныс болып, мүйіз саудасы қызып тұрған жағдайда киікті заңсыз аулау әрекеттеріне тосқауыл қойуда оңай шаруа болмай тұр. 

Алайда, мал ұстаған ауыл тұрғындарының жан айқайы, осы түз тағысының тағдырына байланысты, бүгінгі күні шешімі табылмай тұрған мәселе. 

Енді осы бағытта үкімет тарапынан қандай шаралар жасалуда деген сұраққа жауап іздеп көрейік. 

Әрине Үкімет бұл мәселені естіп – білмей отыр деуге болмайды. Осы салаға тікелей жауапты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министірлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тарапынан осы мәселеге байланысты кейбір шаралар қолға алынып жатқаны белгілі. Биыл мамыр айының соңғы күндерінде осы салаға жауапты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице – министірі Әлия Шалабекова бастаған жұмыс тобы іс сапарымен Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарында болып, киік жөніндегі істің мән – жайымен танысып қайтты. Алайда жергілікті тұрғындардың және облыс әкімі Ғали Есқалиевтің киік мәселесіне байланысты туындап тұрған шабындық және жайылым жерлерге қатысты түйткілді істің шешімі туралы қойылған сұрақтарына, вице–министір бастаған жұмыс тобы тарапынан нақтылы, көңілге қонарлық жауап болмады. Бар айтқандары киіктерді қорғау мақсатында бұл өңірде «Бөкей орда» мемлекеттік табиғи резерваты және «Ащыөзек» қаумалының құрылатыны туралы Үкіметтің қаулысының шыққаны болды. Алайда, құрылып жатқан резерват пен қаумалдың шабындық– жайылым жерлерді киіктен қорғауға кепілдік бола алмайтыны - белгілі нәрсе. Ал, ауыл адамдарының, жеке шаруа шаруашылықтарының мүддесін қорғау жөнінде шешімі табылмай тұрған сұрақтарға тек Қазақстандық биоәртүрлікті сақтау қауымдастығының директоры Сергей Скляренконың, бұл жөнінде алдағы уақытта өңір үшін қолайлы болатын киік санын ғылыми негізде анықтау керектігі, сондықтан киік өрісі болып саналатын аудандардағы мал басының саны туралы мәліметтің қажеттілігі туралы, - мағанда емес, сағанда емес,- өгізде өлмесін, арбада сынбасын,- деген бағыттағы құрғақ, шығарып салма жауабынан басқа нақтылы жауап болмай, сұрақ ашық күйінде қалды. 

Шынымды айтсам, министірліктің арнайы жоғары лауазымы бастап келген жұмыс тобының басты мәселе шаруалар мүддесін қорғауға байланысты қойылған сұрақтарға нақты жауап бере алмауы, бұл мәселенің таяу арада шешіле қоятынына күдік-күмән келтіріп тұр. Менің күдіктенуімнің себебі де жоқ емес. 

Енді, ол қандай себептер деген сұраққа, жауап беріп көрейін. 

Қазіргі қызметім жануарлар дүниесін қорғау, олардың өсімін көбейтіп пайдалану қоғамдық ұйымдармен байланысты болғандықтан бұл маған таныс, белгілі жағдай. Көтеріліп жатқан киік мәселесін, біздің республикалық «Қансонар» қауымдастығы осыдан бір жыл жарым бұрын көтеріп Экология, геология және табиғи ресурстар министірінің және осы жағдайға тікелей жауапты министірліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мамандарына, басшыларына жеткізген болатынбыз. Алайда, олардың тарапынан ешқандай іс – әрекет болмағандықтан, сол кездегі Премьер – министір Асқар Маминнің атынада хат жолдадық (шығыс №31, 12. 07.2021ж.) Үкімет басшысы хатты қайтадан министірліке жолдаған. Министірліктен вице–министір Ә.Шалабекова қол қойған, біз көтерген мәселелерге қатысты болашақ жұмыс жоспарлары туралы жауап алдық. Енді міне, вице-министір бастаған жұмыс тобының өңірге келіп, бұл туралы енді ғана естіп білгендей сыңай білдірулері, көңілге үлкен күдік-күмән ұялатады. 

Бұл жерде үкімет басшысы жіберген «Қансонар» қауымдастығының хатын алғаннан кейін, жауапты министірлік, Қазақстандық биоәртүрлікті сақтау қауымдастығы, тағыда басқа ғылыми институттар, жыл сайын мемлекет тарапынан жүздеген миллион қаржы алып отырған Республикалық мемлекеттік «Охотзоопром» құрылымы бұл мәселеге көңіл аудармай, жағдай ушыққанша өздері айтып отырған өңір үшін қолайлы болатын киік санын анықтамай, киік өрісі болып саналатын аудандардағы мал басының саны туралы қажетті мәліметтерді жинақтамай, бір жыл бойы ай қарап, жұлдыз санап жүрген бе деген заңды сұрақ туындайды. 

Батыс өңіріне барып келгеннен кейін 7 – ші маусымда вице – министр Ә.Шалабекова ханым мүдделі үкімет, қоғамдық ұйымдарының, ішкі істер министірлігі, бас прокуратура, бизнес өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының кеңейтілген отырысын өткізді. Отырысқа өзімде қатыстым. Мәселе сол баяғы киік санын қалай ретке келтіру, оларды аулап өнімдерін пайдалану төңірегінде өрбіді. Киікті заңды түрде аулау, оның еті мен мүйізін өңдеуді жүйелі түрде қадағалайтын құрылым құру, ол құрылым мемлекеттік ұйым болама, әлде онымен аңшылық шаруашылықтары немесе ақшалы бизнес өкілдер айналысама? Әсіресе әуесқойлық аңшылыққа рұқсат беру – бермеуге байланысты қызу пікір талас болды. Киік мүйізінің қытай елінде сұранысы өте жоғары, құнды тауар екенін білетін кейбір ұйымдар, бизнес өкілі, оны аулауға рұқсатты кешіктірмей қабылдау керектігі жөніндегі ұсыныстарын белсенді дәлелдеп бақты. Менің байқағаным министірліктің, үкімет құрылымдарының жұмыс тобына қатысқан басқада уәкілдері, соның ішінде ішкі істер министірлігі, бас прокуратура қызметкерлерінің сөз саптауларынан, киік аулауға тиым салынған заңнамалар жақын арада күшін жойып оларды аулауға рұқсат беру, шешілген сыңайы байқалды. 

Ия, саны өсіп, жойылу қауіпі сейілсе, киік мүйізін өңдеп дәрі – дәрмек жасау қолға алынып, етін, терісін өңдейтін кәсіп орындар ашып, сол арқылы жергілікті бюджетке қыруар қаржы түсіруге болар еді. 

Осыған орай, олардың пікірлерін тыңдап және кейбір ақпарат құралдарында киік аулауға таяуда рұқсат берілетіні жөнінде жарыса жазылып жатқан хабарларды оқып мен Ә.Шалабекова ханымға және жұмыс тобының мүшелеріне, заңнамалық тұрғыдан міндетті түрде шешімі керек, кейбір мәселелерге назарларын аударып, жауап берулерін сұраған едім. Алайда менің қойған сұрағым жұмыс тобының мүшелері үшін тосын, бұрын олардың ойларына келмеген сияқты көрінді. Олай деуіме не Ә.Шалабекованың, не басқада жұмыс тобы мүшелері тарапынан ешқандай жауап болмай, үндемей құтылғандары ойландырып тастады. Мәселе мынада. 2005 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министірлігі ел аумағында киіктерді аулауға, олардың мүйіздері мен өнімдерін жинауға, пайдалануға, сатып алуға немесе өткізуге тыйым салу туралы бұйрық шығарған болатын. Кейін бұл шектеу мерзімі 2023 жылға дейін ұзартылды. Бұйрық әлі күшін жойған жоқ. Бұйрықтың күшін жою үшін міндетті түрде ғылыми негіздеме керек, ал ол тез арада істеліп – шешіле қоятын шаруа емес. Бұл біріншіден. 

Екіншіден, киік өзіне қолайлы орта іздеп үздіксіз қоныс аударып жүретін жануар. Мәселен, батыс өңіріндегі киіктер ауа жайылып көршілес ресей өңірлеріне барады, ол жақтан ауып бізге келеді. Ал ресейде киіктер «Қызыл кітапқа» енгізілген, яғни аулауға мүлдем тыйым салынған жануарлар түріне жатады. Бұл жөнінде Ресей мен Қазақстан арасында келісімде бар. Демек, көрші елдің келісімісіз, біз біржақты киік аулайтын болсақ, екі елдің арасында міндетті түрде даулы жағдай туындайды. 

Үшіншіден, 2019 жылы Женевада (Швейцария) жойылып кетудің алдында тұрған жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы Конвенция Тараптарының 18-ші Конференциясы (СИТЕС) ақбөкендердің (киіктердің) халықаралық саудада коммерциялық пайдалануына тыйым салып, «нөлдік экспорт квотасын» белгіледі. Яғни киік өнімдерін коммерциялық пайдалануға халық аралық деңгейде тыйым салынған. 

Бұлардан басқа:
- Жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау туралы конвенцияға қосылуы туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы13 желтоқсандағы № 96 Заңы;
- Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы 1999 жылғы 6 сәуір №372-I Қазақстан Республикасының Заңы;
- Халықаралық табиғатты қорғау одағы (ХТҚО) сияқты тағыда басқа Қазақстан қол қойып бекіткен халықаралық келісімдер бар. Ал, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-ші бабында
–  Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы атап көрсетілген. Демек, халықаралық шарттарды ескермей киіктерді өз бетімізбен аулау, мемлекетімізді үлкен халықаралық дауға ұрындыратыны сөзсіз.
  Осы айтылған жайлар туралы қойған сұрағыма министірліктің жасақтаған мамандары тарабынан жауап ала алмай, қыр қазағының бас ауруына айналып, шешімі табылмай күйіп тұрған киік мәселесінің таяу арада шешімі табыла қойуы қиын-ау деген ойымды жасыра алмай айтып, жұмыс тобы мен қош айтысып кете бардым. 

Раскритикованный Токаевым министр провел совещание по проблеме сайгаков 

Глава Минэкологии Сериккали Брекешев, получивший сегодня выговор от главы государства, провел совещание по вопросу рассмотрения новых подходов по управлению популяцией сайгаков. Об этом говорится на официальном сайте Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК. 

По информации министерства, в совещании приняли участие научные организации, заинтересованные госорганы, а также ассоциации общественных объединений охотников. 

В ходе беседы представители Института зоологии и Ассоциации сохранения биоразнообразия Казахстана предложили провести глубокие научные исследования по комплексной оценке экосистем в ареале популяции сайги в Казахстане. Уточняется, что это исследование необходимо для определения оптимальной численности каждой популяции, эффективного мониторинга и устойчивого управления. 

"С точки зрения сохранения сайгака наиболее целесообразно поддерживать максимально возможный размер его популяции при их разумном использовании с продолжением специальной охраны данного вида. 

Такое управление популяциями требует тщательной подготовки. Это работа уже начата и будет вестись под контролем министерства, всех заинтересованных сторон и информированием общественности", – отметили в Минэкологии. 

Также на совещании Сериккали Брекешев отметил, что его коллегам из Минсельхоза необходимо рассмотреть вопрос по разработке методики расчета ущерба, наносимого потравой диких животных, и рассмотреть вопросы компенсации ущерба фермерам. 

Сегодня в ходе расширенного заседания правительства президент РК Касым-Жомарт Токаев сказал следующее. 

"Я объявляю министру выговор. Во-первых, выговор за то, что я уже сказал. А во-вторых, что затеяли непонятную волокиту и дискуссию вокруг дальнейшей судьбы популяции сайгаков. Зачем это все выводить на такой уровень общественного обсуждения? 

Нужно профессионально подойти к этому вопросу с учетом менталитета нашей нации. Действительно, эти сайгаки являются для казахов священными животными", – обратился Токаев к Брекешеву. 

Президент напомнил, что Министерством экологии, геологии и природных ресурсов внесено предложение изъять из природного ландшафта 80 тысяч сайгаков, то есть убить их. 

"Есть, видимо, и другие методы, посоветуйтесь со специалистами, это же крайние меры. Я не исключаю, что возможно придется прибегнуть и к этой мере. Но это крайняя мера, подчеркиваю. Нужно профессионально подходить к этому вопросу", – резюмировал он. 

Отметим, что еще в начале лета фермеры в Акмолинской области жаловались на то, что стада сайгаков вытаптывают и съедают все посевы. Позже министр экологии заявлял о необходимости регулирования численности данного вида. До сегодняшних событий отстрел сайгаков планировалось начать с 1 октября. 

Автор: Руслан Черкашин

Прочитано 2931 раз
Оцените материал
(0 голосов)

footerlogo

 

«Информационно-развлекательный интернет-ресурс об охоте, рыбалке и активном туризме».
© 2024 Сайт Кансонар. Все права защищены.

Яндекс.Метрика