Оқиға Аллеган қаласының маңындағы орманда орын алған. Ер адамдар аң аулап жүргенде кенет аңшылардың біреуі 18 метр қашықтықта бұталар арасында жылт еткен қызғылт сары бір нәрсені байқаған. Ол мұны тиіннің құйрығы деп ойлап, 12 калибрлі мылтығынан оқ атады.
Өкінішке орай, бұл қызғылт сары аңшы киімін киген досы болып шыққан.
Бытыра оқ ер адамның көзі мен жағына тиеді. Олар дереу құтқарушыларды шақырып, ер адам тікұшақпен Аллеган қаласының орталық ауруханасына жеткізілген.
Дәрігерлердің айтуынша, жарақат алған азаматтың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастап кетті. Қаруды ұқыпсыз қолданғаны үшін ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.