helix3->PresetParam('_megabg')) ? $this->helix3->PresetParam('_megabg') : '#ffffff'; $megabgtx = ($this->helix3->PresetParam('_megatx')) ? $this->helix3->PresetParam('_megatx') : '#333333'; $preloader_bg = ($this->helix3->getParam('preloader_bg')) ? $this->helix3->getParam('preloader_bg') : '#f5f5f5'; $preloader_tx = ($this->helix3->getParam('preloader_tx')) ? $this->helix3->getParam('preloader_tx') : '#f5f5f5'; // load css, less and js $this->helix3->addCSS('bootstrap.min.css, font-awesome.min.css') // CSS Files ->addJS('bootstrap.min.js, jquery.sticky.js, main.js') // JS Files ->lessInit()->setLessVariables(array( 'preset' => $this->helix3->Preset(), 'bg_color' => $this->helix3->PresetParam('_bg'), 'text_color' => $this->helix3->PresetParam('_text'), 'major_color' => $this->helix3->PresetParam('_major'), 'megabg_color' => $megabgcolor, 'megatx_color' => $megabgtx, 'preloader_bg' => $preloader_bg, 'preloader_tx' => $preloader_tx, )) ->addLess('legacy/bootstrap', 'legacy') ->addLess('master', 'template'); //RTL if ($this->direction == 'rtl') { $this->helix3->addCSS('bootstrap-rtl.min.css') ->addLess('rtl', 'rtl'); } $this->helix3->addLess('presets', 'presets/' . $this->helix3->Preset(), array('class' => 'preset')); //Before Head if ($before_head = $this->helix3->getParam('before_head')) { echo $before_head . "\n"; } ?>
Пятница, 11 сентября 2020 15:02

Маңғыстауда леопардпен кездесу!

Маңғыстау облысының жалпы жер көлемі – 165,6 мың шаршы шақырым (16,6 млн. га) жерді алып жатыр. Аймақтың өзіндік климаттық жағдайы қоршаған ортаға, оның ішінде сол жерде мекен ететін жабайы жан жануарлар әлеміне әсерін тигізеді.

Соңғы уақыттары Маңғыстау облысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың саны артты. Атап айтқанда 2015 жылы жергілікті маңыздағы «Манашы» мемлекеттік табиғи қаумалы (228,1 мың га), «Есет» мемлекеттік табиғи қаумалы (146,8 мың га), «Көленкелі» мемлекеттік табиғи қаумалы (58,9 мың га) құрылып, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың саны 12-ге жетті. Табиғи аймақтар құрудағы мақсатымыз – табиғи экожүйе мен биоалуантүрлілікті сақтау және қалпына келтіру, экологиялық тепетеңдікті қалыпты ұстау, аймақтағы жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту болып табылады.

Облыстық жануарлар дүниесі де алуан түрлі. Сүтқоректілердің 50-ден астам түрі (Қызыл кітапқа енгізілген үстірт тау қойы, қарақұйрық, құлан, қарақал, итаю т.б.), құстардың -270-тей түрі (Қызыл кітапқа енгізілген 26 түрі ақсұңқар, ителгі, лашын, үкі, сыңқылдақ аққу, қоқиқаз, дуадақ т.б ) кездеседі.

Соңғы уақыттары Маңғыстау облысында өлкемізге тән емес аңдардың келу фактілеріне куә болып жүрміз. Соның бір оқиғасын төменде баяндамақпын:

«Кендірлі-Қаясан» мемлекеттік қорық аймағында «Мирас» жеке мал шаруашылығы бар. Осы шаруашылықтың малына жиі-жиі қасқыр тиіп, қоймаған. Осыған байланысты шаруа қожалығының иесі қасқырға қақпан құрған. 2015 жылдың 7 мамыры күні қожалықтың иесі өрістегі малын қарап келе жатырып, қақпан құрған жерге келіп, қақпанның орнында жоқ екендігін, қақпан сүйретілгендігін байқайды. Осыдан кейін «Кендірлі-Қаясан» қорық аймағының инпекторына хабарласып, жағдайды баяндайды. Қорық инспекторы және шаруа қожағылығының иесі екеуі қорық аймағындағы Қарабарақ деген жеріне келіп қақпанды қасқыр сүйретіп әкетті деген оймен, қақпанның ізімен сайдағы жыңғылдың маңына келеді. Осы кезде жыңғылдың арасында бір белгісіз теңбіл, ала аңның қозғалмай жатқандығын байқайды. Аң қозғалмай жатырғандықтан өліп қалған деген оймен олар 4-5 метрге жақындайды. Осы кезде теңбіл аң жатырған жерінен атып тұрып, инспекторға атылып, астына алып тістеп, талай бастайды. Инспектор аңның мойнын қысып ұстап, бетіне жақындатпауға тырысып, қасындағы шаруа қожалығының иесіне зорға дегенде ат-ат деп айқайлайды. Алайда, малшыда 12 калибрлі аңшы мылтығы болғандықтан инспекторға тиіп кетеді деп, кідіріп қалған. Осы мезгілде жыртқыш аң инспекторды тастай салып, шаруа қожалығының иесіне секірген кезде ол мылтықпен атып үлгереді. Қатты үрейленген олар тұра салып біраз жерге дейін қашып, артына бұрылып қараса  анадай жерде аңның жатқанын көріп, қайтадан қасына келеді. Келсе аң өліп қалған екен, бұл «леопард» аңы еді. Осы кезде ғана инспектор өзінің қатты жараланғандығынан әлсіреп, отыра қалады. Шаруа қожалығы иесі дереу инспекторды автокөлікке салып, Жаңаөзен қаласындағы ауруханаға жеткізеді.

Осы оқиға бойынша Маңғыстау облысының Қарақия аудандық ішкі істер басқармасы тарапынан қылмыстық іс қозғалып, оқиғаға қатыстылардан түсініктемелер алынып, тергеу жүргізілді. Алайда, қылмыстық іс-әрекеттің жоқ болуынан іс тоқтатылды.

Бұл оқиға уақытында интернет желісінде біраз талқыланды, кейбір өлкетанушы мамандардың айтуы бойынша «леопард» аңы Түркменстанның «Бадхыз» қорығынан келген жас леопард болуы мүмкін, келу себебі жас леопардттар өз арасынан қуылып, жаңа территория іздеу арқылы Маңғыстау аумағына өтіп кеткен немесе аулайтын аң іздеп келген болуы мүмкін деген жорамал айтуда.

Міне, біздің Маңғыстауда адам айтса нанғысыз осындай оқиғалар да болып тұрады. Осыдан бірнеше жыл бұрын тоқсаныншы жылдардың соңына таман Маңғыстауда жылқыларға шауып, малға тиген «гиена» аңын аңшы атып алған болатын. Жалпы аңдардың ауытқып басқа жақтарға келіп тұратын да жайлары жиі болмағанымен ара-тұра кездеседі.

Тұрғанбай ШАПАҒАТОВ,
Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы

Прочитано 4717 раз
Оцените материал
(0 голосов)

footerlogo

 

«Информационно-развлекательный интернет-ресурс об охоте, рыбалке и активном туризме».
© 2024 Сайт Кансонар. Все права защищены.

Яндекс.Метрика