Өсiмтал жануар күтiмi мен қорғауы жақсы болса, санаулы
жылдардан соң саны қайта көбейiп, әлi-ақ даламыздың сәнiн
келтiретін ұлттық брендіміз болып, қазақ даласының көркіне
айналатыны анық. Киік депте, ақбөкен депте атайтын бұл дала
еркесін бұқаралық ақпарат құралдарында Қызыл кітапқа енген деп
жалпылама хабарлап жатады, негізінен киік халықаралық Қызыл
кітапқа енгізілген, бірақ Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмеген.
Себебі, киік өте өсімтал аң, көпшілігі егізден төлдейді. Бірақ киіктердің
сан басы өскен сайын оларға төнетін қауіпте артатыны тағы бар. Бұл
дала еркесінің бір ерекшелігі браконьерліктен, я болмаса табиғи
тұрғыдан өлім жітімге ұшырап жатса, ұрпағын жетім қалдырмайды.
Киіктерге өсіп-көбеюі үшін тек мүмкіндік беру керек, браконьерліктің
алдын алу шараларын қоғам болып жүргізуіміз керек. Біздің
«Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның қызметкерлері осы тұрғыда аянбай
еңбек етуде. Еліміз бойынша, кәсіпорнымыздың бес өңірлік филиалы
бар Астанада (Ақмола,Қостанай,Қарағанды облыстары бойынша
жұмыс жасайтын), Қызылорда да, Шығыс қазақстанда, Батыс
Қазақстанда, Ақтөбеде орналасқан. Сондай-ақ , «Охотзоопром «ӨБ»
РМҚК-ның қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) да
бар. Бес өңірлік филиалдың құрамында 222 инспектор, жедел топта 37
инспектор қызмет етуде.Ал ЕҚТА-да қызмет ететін инспекторлар саны
110. Қазіргі таңда, жалпы Охотзоопромның күшімен қорғалатын аумақ
123 млн гектарды құрап отыр. Жануарлар дүниесін қорғау қызметінің
инспекторларының күші еліміздің әр түкпірінде болып жатқан
браконьерлікке байланысты, әсіресе киікті қорғау саласында әліде
болса аздық етуде. Расыменде, ойланып қарасаңыз «Охотзоопром
«ӨБ» РМҚК-ның жалпы саны 400 ге жуық инспекторларының күші 123
млн гектардағы мекен ететін жануарларды қорғауға өте аз.
Инспекторлық құрамның құзіреттілігінде қызметтік қаруды қолдануда
заң аясында кемшіліктер бар, инспекторлар қызметтік қаруларын
браконьерлермен болатын оқыс жағдайларда қолдануы, алдымен
ескерту ретінде қолданады оның өзінде браконьерлердің қаруды
бірінші қолданғанын күтіп, одан кейін ғана қолданады. Көп жағдайда
испекторларымыздың құзіретінің және қызметтік қаруды қолданудағы
әлсіздігінен уақыт жоғалтып алып жатамыз. Яғни, бұл
инспекторларымыздың қызметтік қаруды қолданудағы кемшіліктің
жоғарғы деңгейде екенін көрсетеді. Тізбектей берсек, осындай
мәселелер өте көп, нәтижесінде таяқтың бір ұшы өзімізге тиіп жатыр.
Қазіргі таңда, соңғы киікті қырып жойды, Охотзоопром
инспекторларының браконьерлікке қатысы бар деп баспасөз
көздерінде жарыса жазған ақпараттардан кейін елдің ой-пікірін
инспектордың барлығы браконьер деген арнаға бұрды. Бұл дұрыс
емес, көпке топырақ шашпау керек күн-түн демей киікті және басқа
жануарларымызды қорғап жүрген адал азаматтардың еңбегі
ескерілмей қалып жатыр. Осы жылы мезгілсіз дүниеден өткен
инспекторымыз Ерлан Нұрғалиев, еңбекқор, адал, өз ісінің маманы
еді марқұм. Ол кісідей азаматтар бізде әліде жұмыс жасап жүр дегім
келеді. Әрине, бес саусақ бірдей емес. Жасыратыны жоқ,
браконьерлікке қатысы бар инспекторлар да кездесіп жатады. Биылғы
17 наурызда Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағында 108
киікті ату фактісін инспекторларымыз Қорғалжын қорығының
инспекторларымен бірге анықтады. Браконьерлер негізінен киіктің
аталығын атқан. Өкінішке орай олардың арасында 2 инспекторымыз
да болған. Күдікті инспекторлар мен қылмыстық іске қатысы бар
браконьерлерді өзіміздің, «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ныі
инспекторлары Қорғалжын қорығының инспекторларымен бірлесе
анықтаған, сондай-ақ құқық қорғау органдары құзіретімен күдіктілер
ұсталып, қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда.
Осындай орын алған жағдайдан кейін, арам пиғылды арамызда жүрген
қызметкерлерді тексеру, және киікті қорғау рейдтік шараларын жүргізу
барысында 10 сәуір күні Батыс Қазақстан облысында өз
инспекторымыздың бірін қасындағы азаматпен бірге киік мүйізіменБатыс өңірлік филиалдың жедел топ инспекторларымен өзіміз ұстап,құқық қорғау қызметкерлеріне тапсырдық. Ұсталған азаматтардыңқылмысы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бабы (Заңсызаңшылық) және ҚК-ның 339-бабы (Өсiмдiктердің немесежануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктеріменнемесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша іс қозғалып, сотқадейінгі тергеп-тексеру басталып. Қазірігі уақытта ұсталған екі азаматқаБатыс Қазақстан облысының Казталов аудандық соты сот үкіміншығарды, ҮКІМДЕ: Тлекқабылов Жалғасбек Есқаирұлы, ТлекқабыловЖалғасбек Есқаирұлы ҚК-тің 337-бабының 4-бөлігінің 2) және 4)тармақшаларында және 339-бабында көзделген қылмыстардыжасағаны үшін кінәлі деп танылып, ол ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігінің2) және 4) тармақшаларымен 3 (үш) жыл мерзімге аңшылық қызметпенайналысу құқығынан айырыла отырып, 3 (үш) жыл мерзімге басбостандығынан шектесін, ҚК-нің 339-бабымен 2 (екі) жыл мерзімге басбостандығынан шектелсін. Түпкілікті 3 (үш) жыл мерзімге аңшылыққызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып 3 (үш) жыл мерзімгебас бостандығынан шектелсін.
Канаев Мурат Колганатович ҚК-тің 337-бабының 4-бөлігінің 2) және 4)
тармақшаларында және 339-бабында көзделген қылмыстарды
жасағаны үшін кінәлі деп танылсын, ол ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігінің
2) және 4) тармақшаларымен 3 (үш) жыл мерзімге аңшылық қызметпен
айналысу құқығынан айырыла отырып, 3 (үш) жыл мерзімге бас
бостандығынан шектелсін, ҚК-нің 339-бабымен 2 (екі) жыл мерзімге
бас бостандығынан шектелсін делінген.
Сондай-ақ, М.Канаевқа тиесілі «Нива Шевроле» маркалы мемлекеттік
нөмірі «с 478 хс 102 rus» автокөлігі, 12-калибрлі қос ұңғылы «ИЖ»
маркалы №С21469 сериялы аңшы мылтығы, пышақ, бір қолды ара
және 82 (сексен екі) дана 12-калибрлі оқ дәрілер – мемлекет кірісіне
тәркіленген.
Негізінен бұл жағдайларда, жалғыз Охотзоопромды ғана кінәлі
қылыпып қарау дұрыс емес, өкінішке орай бұл жалпы қоғамның бір
кемшіл тұсы, сондай-ақ бұл инспекторларда осы қоғамда бізбен бірдей
өмір сүріп, отбасын асырап жүрген азаматтар болатын. Айналып
келгенде қаражаттың аздығы, соның ішінде біздің қоғамдағы әрбір
азаматтың жетіспеушіліктен алатын жоғары пайызды несиесі (кредит)
тағы бар. Бұл инспекторлардың да өмірінде несиенің күрмеуі көп
мәселесі мен бала-шағасын өсіріп-жеткіземін, жоқтың орнын қайтсем
толтырамын деп жылдам әрі жеңіл қаражат табудың жетегінде кетіпотыр. Және рухани қолдау емес, керісінше инспекторлардың өздерібраконьер деген ой-пікірдің жоғары болуы, яғни қасқырдың ауызыжеседе қан, жемесе де қан деген ойлары себеп болуы мүмкін. Бізинспекторларды жұмысқа қабылдағанда олардың инспекторлыққұрамға біліктілік талаптарының сай болуын, қабілеттілігін ескереміз,ал бірақ олардың балалық шақтарынан есейген ер азамат шақтарынадейінгі тәрбиесіне де ел болып көңіл бөлу керек, себебі киіктердіаяусыз қырып жойған әрекеттері сол жұмысқа қабылданғанға дейінгіқоғамдағы қатігездік әрекеттердің басымдығынан туындап отырғаныанық.
Бұл орын алған жағдайларды да, жан-жақты тұрғыдан алып қарау
керек. Инспекторлар неге осындай әрекетке барып отыр деген
сұрақтарға жауап қаралуы тиіс, олардың жалақыларының аздығы, киік
мүйізіне сұраныстың жоғарғы болуы, сол киік мүйізінен жеңіл қаражат
табу секілді себептер болуы мүмкін. Бірақ, әрине ақтап алары жоқ.
Өйткені арамызда осындай инспекторлардың болғаны, олардың
осындай қылмыстық іске баруы кесірінен, қызметін адал атқарып
жүрген қызметкерлерге де күйе жағылды. Бұқаралық ақпараттар
көздерінде анық-қанығы анықталмай жатып жазылған ақпараттар
негативті көзқарас қалыптастырды. «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның
қорғау шараларының арқасында киіктің санының өсіп жатқаны, қайта
қалпына келіп жатқаны жайлы ақпараттар мен инспекторлардың
еңбектері бағаланбай, браконьерліктің көлеңкесінде қалып қойды. ҚР
АШМ-де хабарланған ресми дерек бойынша киік саны өткен 2018
жылы 215 100 басты құрады. Ал бұл көрсеткіш 2017 жылы 152 мыңнан
асып жығылған болатын. Яғни, киік санының өсімі жыл сайын 40%-дан
жоғары өсімді құрап отыр. Бұл деген үлкен еңбектің, мемлекеттің
қолдауының жемісі. Тек соңғы 2015 жылғы ұлттық брендіміз киіктің
үлкен көлемде қырылуы, нақтырақ айтқанда 150мың ға жуық киіктен
айырылып қалғанымыз қатты қынжылтады. Оның алдында да бұндай
табиғи апаттар орын алып отырған, еске түсірер болсақ 1981 жылы
Торғай облысында – 180 мың, Орал облысында 1984 жылы 250 мыңға
жуық киік қырылды, ал 1988 жылдың мамыр айында кем дегенде 500
мың киік жаппай қырылып қалған болатын. Бертін келе екі мыңыншы
жылдарға жуық уақытта 1998 жылы елде 470 мың ақбөкен тіркелсе,
2003-жылы олардың саны 21 мыңға дейін кеміген. Содан берідегі
қорғау жұмыстарының нәтижесінде қайтадан 200 мыңнан асып
жығылды. 2012 жылы мамыр айында Қостанай облысында мыңға
тарта киіктің өлігі табылған еді. Батыс Қазақстан облысында 2011
жылы 500-ге жуық, ал 2010 жылы – 12 мыңға жуық киік жаппай өлім-
жітімге ұшыраған болатын. Енді табиғи тұрғыдан өлім жітімге ұшырап,
үлкен апат болмаса, браконьерліктің алдын алу мақсатында жұмыс
жасайтын күш-қайраты бар табиғат жанашырлары көбейсе деген ниет-тілегіміз бар.Киіктердің саны өсіп, қорғау шаралары күшейсе де бұл жануарғажәне оның дериваттарына деген сұраныс пен қара нарықта төленетінбаға да өсіп келеді. Осы орайда мүйіздер өткізілетін жерлерді,контрабандалық желілерді жою шараларына екпін қою керек. Яғнисұраныс болмаса, онда ұсыныс та шектеледі. Сонымен қатаринспекторлардың еңбекақысын көтеру мәселесі де бүгінде өзектіболып тұр, инспекторлардың еңбекақысы көтерілсе, олардыңдабраконьерлік әрекетке бармаспа еді.
Қай салада болсын өз қиыншылығы болатындықтан, қызметкерлеріміз
бұл қиыншылықтарды да еңсеретіні анық. Әліде болса
инспекторларымыздың күшімен, қан мен термен келген еңбектерімен
киіктің, жалпы ерекше қорғаудағы жануарлардың санының өсуіне және
оларды қорғау шараларын күшейту мақсатында жұмыстар жүргізілетін
болады.
Автор: Тансыкбаев Жанат Марленович