helix3->PresetParam('_megabg')) ? $this->helix3->PresetParam('_megabg') : '#ffffff'; $megabgtx = ($this->helix3->PresetParam('_megatx')) ? $this->helix3->PresetParam('_megatx') : '#333333'; $preloader_bg = ($this->helix3->getParam('preloader_bg')) ? $this->helix3->getParam('preloader_bg') : '#f5f5f5'; $preloader_tx = ($this->helix3->getParam('preloader_tx')) ? $this->helix3->getParam('preloader_tx') : '#f5f5f5'; // load css, less and js $this->helix3->addCSS('bootstrap.min.css, font-awesome.min.css') // CSS Files ->addJS('bootstrap.min.js, jquery.sticky.js, main.js') // JS Files ->lessInit()->setLessVariables(array( 'preset' => $this->helix3->Preset(), 'bg_color' => $this->helix3->PresetParam('_bg'), 'text_color' => $this->helix3->PresetParam('_text'), 'major_color' => $this->helix3->PresetParam('_major'), 'megabg_color' => $megabgcolor, 'megatx_color' => $megabgtx, 'preloader_bg' => $preloader_bg, 'preloader_tx' => $preloader_tx, )) ->addLess('legacy/bootstrap', 'legacy') ->addLess('master', 'template'); //RTL if ($this->direction == 'rtl') { $this->helix3->addCSS('bootstrap-rtl.min.css') ->addLess('rtl', 'rtl'); } $this->helix3->addLess('presets', 'presets/' . $this->helix3->Preset(), array('class' => 'preset')); //Before Head if ($before_head = $this->helix3->getParam('before_head')) { echo $before_head . "\n"; } ?>
Понедельник, 28 октября 2019 15:16

Саятшылық сыры

Аң аулау дәстурі сонау көне заманда адамдардың күн-көpic кәсібімен біргe туғаны белгілі. Ертеде адамдар аң мен құсты таспен ұрып, сойылмен соғып, інге паналағандарын сумен тұншықтырып, түтінмен булықтырып аулаған болса, бертін келе үйретілетін иттерді қосты, атпен қуды, құс салды.

 Ор мен аранды, қода мен дараны, шалма мен бұғалықты, тор мен тұзақты, зақпы мен қайтып келді, шаппа мен қақпанды, сepe мен найзаны, садақ пен мылтықты әр дәуірге орай жетілдіре пайдаланды. Саятшылықты күнкөрістің кәсіптік көзі ғана емес, сауық-сайран салтанатының белесіне көтереді , деген-ді этнограф Жағда Бабалықұлы мен білгір құсбегі Абдолла Тұрдыбаев ағаларымыз 1983 жылы «Қырандар» атты басылымды редакциялап жүргенімізде.

Қыран бүркіт салып – қасқыр, түлкі, аң алдыру; бидайық, лашын, сұңқар, қаршыға салып – аққу, қаз, құс ілдіру; жүйрік ат, қыран бүркіт, түзу мылтық ұстап – аңкөс, аңшы, саяткер-бапкер, құсшы, аң құмар ізші болу; әнші-күйші, жыршы, атшы, қосшы ертіп салбурында саятшылық жасау; аң аулап, сауық-сайран, салтанат құру, еркін табиғат ғажаптарынан ләззат алу, рахат табу, дәурен сүрудің бәрі – саятшылыққа жатады.

Аңшы – аң аулаушы, аңды аңдушы, соңына түсіп аулап алушы адам. Бүгінгі заманымызда аң аулау мемлекеттік іске айналған. Аң аулау үшін жаңа заман ғылымы мен жаңа заман техникасы араласты да, алуан түрлі әдіс-айла жасалды. Мұндай аулау алдында ұшқан құс, жүгірген аңның ешқандай құтылу лажы жоқ. Бірақ, аңды қорғау, сақтау, өсіру, өрбіту, молайту жұмыстары жолға қойылған біздің мемлекетте аң мен құсты бет алды аулауға тыйым салынған.

Ал, аң аулау дәстүрі мен тарихын алғанда, ертедегі адамдар аң аулауды өмір сүрудің, күнкөрістің көзі еткені мәлім. Ертедегі адамдардың аулау әдістері де алуан түрлі болған. Олар әу баста тым қарапайым жолмен ғана тамақ табуды көздесе, кейіннен аң аулауды кәсіптің көзі, қызықтаудың негізі еткен. Бірақ әр заманның әдіс-айласы басқа-басқа болғанымен, қазақ халқының ұғымында солардың бәрі де аңшы аталады.

Аңкөстік. Қазақ халқы осы сөздің тым ертедегі ұғымын еске ала отырып, аңкөс адам дегенді өте үлкен мамандық иесi деп білген. Tac, таяқ, сойыл, шоқпар, су, түтін, тор, тұзақ, ау, қақпан, ат, ит, құс, садақ, мылтық сияқты қару-жарақпен аң аулай білетін, осы қаружарақтың бәрін немесе бірнеше түpiн пайдаланып, аң аулаған адамдарды аңкөс адам деп таниды. Бipaқ аңтөстік қару-жарақты пайдалануға ғана айтылмайды, ол адам қай аңды, қай қарудың түрімен (мысалы, тұзақ, ау, қақпан, садақ, шоқпар, сойыл, тіпті су, түтін, т.б.) қалай аулауды да білуі шарт.

Қазақ халқының аңшылық мамандығындағы аңкөстік өте күрделі жан-жақты мән-мағыналы ұғымда айтылады. Аңкөс әрбiр аңның тіршілік ету әдісін, өсу-өрбу жолдарын білу керек. Қай аң қай жерде болады, олардың аулану маусымындағы мекендері, аңдардың күндізгі және түнгі өpicтepi, жыртқыштардың жортуы, қоңыр аңның жайылу, жусау, ұйықтау, өру кездері, олар нені жейді, нені жемейді, тіпті олардың қай аңның құмалағы екеніне дейін айыра білуі керек. Ол аңдар нені тез сезеді, нeнi сезбейді, олардың иіс айыруы, бақылау, қарауылдау, күзету, қарау, көру, сезіну, секем алу cepгeктігi, мінез-құлқы, тағысын-тағылар қай айда қалай болатынын бiлeтiн адамдар аңкөс адам болып саналады. Аңкөстер аңның бұғу, қору, қорғалау, қашу, тосқауылдау, бұлтару, із тастау әдістерін де білуі шарт. Тіпті аңның epкегi мен ұрғашыларының, үлкені мен балаларының дыбыстарын да айыратын болуы керек. Күн райы, жел, боранның, жер бедерінің орайлы-орайсыз жағын да мұқият білгені абзал.

Айта берсе, бұл – таусылмайтын жыр. Аң мен аңшы арасындағы аңдысуда айтып бітіруге болмайтын, бәрін бірдей біліп болмайтын сырлар өте көп. Бірақ осының бәріне мән беретін адамды қазақ халқы аңкөс адам деп атайды. Аңтөстік өзі аулап жүрген аңның сыр-сипатын түсіне білетін маман деген ұғым береді. «Аңшының қанша айласы болса, аңның да сонша жолы болады» дейді халық.

Аңшылық. Аң аулау кәсібі. Аң аулауды күнкөрістің көзі етушілік. Тәтті етін, қымбат терісін, мамық жүн, қауырсындарын, мүйізі мен тұяғын, тісі мен сүйегін және басқа қымбат заттарын алып, дүние-мүлік жинауды кәсіп етушілік.

Құсбегі – қырандарды түрге, топқа, текке айыра білетін, оларды өз ішінен жікке, туыстыққа, ұрпаққа бөле білетін адам. Қыран құстардың түр-тұлғасына, сүйек бітіміне, қанат-құйрық, жүн, қауырсындарына қарай құсты сынай білетін сыншы адам. Қыранның әлді-әлсіздігін, қыран не қыран еместігін, қыранның мінез-құлқын, жасын, жас мөлшерін, табиғи ерекшеліктерін айыра білетін адам. Қырандардың бір түрін немесе бірнеше түрін үйрете білетін, түлете білетін, баптай білетін, оны зар күйіне келтіріп аңға сала білетін, аң алып жүргендегі бап қылауын түсірмей ұстай білетін адам. Құс мертіксе, сүйегін салатын сынықшы бола алатын, ауырса, емдей алатын адамдар құсбегі-бапкер деп аталады.

Бүркітші – бүркітті ұстай білетін, баға білетін, бүркітті аттылы-жаяу алып жүре білетін, аңға сала білетін, аң мен құстан орташа сауаты бар адам. Жалпы алғанда қолына бүркіт ұстап, аңға шыққандардың тұтас ұғымы – бүркітші. Ал, оның ішінде бапкер де, саяткер де, құсбегі де, жай қатардағы бүркітші де бола береді

Қағушы. Бүркітші қашан да биікті алып, бір тұрғыдан томаға тартады. Егер айналада жортқан, қашқан аң көрінбесе, бүркіт бет алды ұша бермейді. Ал, аңшылардың дыбысын, иiciн, аяқ сарынын бұрын сезген түлкі болса, сол жерде бұғып, қорып қалады. Немесе қашып барып, паналы жерді қорғалайды. Биікте тұрған бүpкiтші мен бүркітті көрген соң, ол жерден қумасаң шықпайды. Осындай жағдайда төңіpeктeгi сай-салаға, жықпыл-жықпылға адам барып айғайлап, тебiнгi қарып, дыбыстап, бұғып жатқан түлкіні қуса, бүркіт соған ұшады. Ал қолында құсы жоқ, бүркітшілерге қолғанат болып жүргендерді қазақ аңшылығында «қағушы» атайды. «Сонарды күткен үлкен аңшы мен қағуышылар ерте аттанған». (М. Әуезов).

Салбурын – саятшылық және аң аулау кәсібінің бір түрі. Аң аулау маусымы кезінде аңшылар топталып, аңы мол жерлерге сапар шегеді. Сартабан, сарытұғыр, арқалы құр, жақсы ат, қыран бүркіт, түзу мылтық – бәрі бірдей сайланады. Аңкөс аңшылар, бапкер құсбегілер, білгір саңлақ саятшылар, құралайды көзінен ататын мергендер, аңқұмар қауғышылар, елгезек атшы-қосшылар бас қосады. Олардың ішінде әнші, күйші, жыршылар да болады. Олардың саны шектелмейді. Бip топта он-он бес бүркіт, жиырма-отыз адам болуы да мүмкін. Ал, ең аз дегенде бүркітші, қағушы, атшы-құсшы – үш-төрт адамнан кем болмайды.

Ел-жұрттан аулақ иенге шығып, бықcық-дүниeшiлiк құрғырдан қол үзіп барып, қос, жадағай қос, сәргер тігіп, айлап, бірнеше айлап (әдетте қарашадан бастап ақпанның аяғына дейін) жатып, аң аулайды. Күндіз жан-жаққа бытырап, аң аулауға кетеді де, кешкілік от басында бас қосады. Бip жағында түлкі, қарсақ, қасқырдың терiciне шөп, сабан тығылып жатса, бір жағында қоңыр аңдар сойылып, саптаяқ-саптаяқ қара қуырдақ, табақ-табақ ет тартылып жатады. Құрт, сүзбе қатылған қарсақ жон сорпаны аяқ-аяғымен cімipiп алысады. «Ер азығы мен бөpi азығы жолда» дегендей, aзық-түлiк мол, дастарқан бай, сен же, мен жемен қарын тойғызысады. Ат-көлік отқа қойылады, бүркіт бапталады. Қай бүркітті қалай күтімге алу кepeктігi үйретіліп жатады.

Сонан соң әңгіме-дүкен құрып, бүркіттің, жігіттің ерекше істері ауызға алынады, мадақталады. Кім не істеді, қандай ыңғайлы, ұтымды қимыл жасады, кім оғаш қимыл жасады, аңды қалай алды, қалай айрылып қалды, мұның бәрі сөз болады. Күліседі. Риза болысады. Қалжың-сықақ, мысқыл, ойын-күлкі араласады. Кейде қырандар туралы, бапкер, саятшылар туралы аңыз-әңгіме, жалпы аң аулауға тән түрлі-түрлі қиял-ғажайып хикаялар өрбиді. Кейде ән-би, жыр орын алады. Бip жақта тоғызқұмалақ, асық, дойбы ойналып жатса, бір жақта жұмбақ-жаңылтпаш айтысып, ұтылғанынан ұпай алу қызығына батысады. Мұндай қызықтарды айтып бiтіpy қиын. Әр күні әр түрлі өpic алады. Таң бозынан аттанып, мал қоралана қайта оралатын топ-топ сайыпқыран жігіттердің салбурындағы бір күнi – талай кітаптық шeжipe.

Дайындаған С.Байлин

Журнал "Qansonar" выпуск №1(1) 2014 год

Прочитано 6587 раз
Оцените материал
(1 Голосовать)

footerlogo

 

«Информационно-развлекательный интернет-ресурс об охоте, рыбалке и активном туризме».
© 2024 Сайт Кансонар. Все права защищены.

Яндекс.Метрика