helix3->PresetParam('_megabg')) ? $this->helix3->PresetParam('_megabg') : '#ffffff'; $megabgtx = ($this->helix3->PresetParam('_megatx')) ? $this->helix3->PresetParam('_megatx') : '#333333'; $preloader_bg = ($this->helix3->getParam('preloader_bg')) ? $this->helix3->getParam('preloader_bg') : '#f5f5f5'; $preloader_tx = ($this->helix3->getParam('preloader_tx')) ? $this->helix3->getParam('preloader_tx') : '#f5f5f5'; // load css, less and js $this->helix3->addCSS('bootstrap.min.css, font-awesome.min.css') // CSS Files ->addJS('bootstrap.min.js, jquery.sticky.js, main.js') // JS Files ->lessInit()->setLessVariables(array( 'preset' => $this->helix3->Preset(), 'bg_color' => $this->helix3->PresetParam('_bg'), 'text_color' => $this->helix3->PresetParam('_text'), 'major_color' => $this->helix3->PresetParam('_major'), 'megabg_color' => $megabgcolor, 'megatx_color' => $megabgtx, 'preloader_bg' => $preloader_bg, 'preloader_tx' => $preloader_tx, )) ->addLess('legacy/bootstrap', 'legacy') ->addLess('master', 'template'); //RTL if ($this->direction == 'rtl') { $this->helix3->addCSS('bootstrap-rtl.min.css') ->addLess('rtl', 'rtl'); } $this->helix3->addLess('presets', 'presets/' . $this->helix3->Preset(), array('class' => 'preset')); //Before Head if ($before_head = $this->helix3->getParam('before_head')) { echo $before_head . "\n"; } ?>
Суббота, 07 января 2023 18:19

ПРЕЗИДЕНТ ПӘРМЕНІ: ҚАЗАҚЫ ТӨБЕТ ПЕН ТАЗЫҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЛАДЫ

Әңгіменің әлқиссасын 2019 жылдан бастайық. Сол кездегі Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттеріне: «Республикалық «Ана тілі» газетінен «Қазақы тазы – қазынамыз» атты тазы туралы қызықты мақаланы оқып шықтым. Расымен, тазы халқымыздың жеті қазынасының бірі, сондықтан бұл асыл тұқымды итті жоғалтып алмауымыз керек. Үкімет пен қоғамдық ұйымдар бірлесіп, тиісті іс-шараларды қолдануы қажет» деп жазған еді. «Қазақы тазы – қазынамыз» мақаласының авторы – Жаңылхан Мәмежанқызы. Мақалада қазақ тазысының үш мың жылдық тарихы бар екені, жеті қазынаның бірі екені, аштық жылдары бір тазы бір ауылды асырағаны, соғыс кезінде қазақы төбеттердің адам жанын арашалап қалғаны, баяғы заманда қазақ байлары қыздарының жасауына тазы қосып бергені, тіпті, тазының неге «тазы» деп, төбеттің неге «төбет» деп аталатыны туралы айтылған болатын. 

0701202302Дәл осы мақалада «Қазақтың ырысы болып саналған тазыны қорғау, көздің қарашығындай сақтау керектігі туралы бірде-бір заңның жоқтығы өкіндіреді» деп тайға таңба басқандай жазылады.

Сол кездегі Сенат төрағасы, қазіргі Президент тазы тақырыбын назардан тыс қалдырған емес. Міне, тазыға қатысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңна­малық актілеріне қазақы ит тұ­қымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының қабылда­нуында «Ана тілі» газетінің де үлесі бар. Біздің басылым ұлттық дәстүр, қазақы бітім-болмыс, қазақ дүние­танымы мен қазаққа қатысты жағдаяттардың әрқайсысын естен шығарған емес.

Тазы мен төбет қана емес, қазақтың өзге де құндылықтары туралы мәселелерді бұдан кейін де оқырманға жан-жақты таныстыра беретін боламыз. 

0701202303

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң мәтіні баспасөзде жарияланып та үлгерді. 

Қазақы төбеттер мен тазы иттер тұқымын сақтау және көбейту жөнінде Үкімет пен тиісті министрлікке Президенттің өзі бұдан екі-үш ай бұрын тапсырма беріп, заң жобасын дайындауды ұсынған болатын. Заң жобасын депутаттар мен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен осы министрлікке қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мамандарымен бірлесіп дайындаған. Қысқа уақытта дайындалған заң жобасы жыл соңында қос палатаның талқылауына ұсынылған. Мәжіліс депутаты Әмірхан Рахымжанов бастаған халық қалаулылары өз ұсыныстары мен түзетулерін енгізіп, заң жобасын мақұлдаған болатын. Жаңа жылдың алғашқы күндері Президент оған қол қойды. Сонымен енді не болады?  

Заң жобасын талқылаған депутат­тар­дың айтуынша, енді елімізде «Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы» құрылады. Орталық асыл тұқымды иттердің бірыңғай санағын жүргізіп, қазақы ит тұқымдарының стандарттарын әзірлеу және басқа да міндеттермен ұйымдастыру жұмыс­тарын жүргізеді.

– Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мақсатында құрылатын уәкілетті органның мамандандырылған ұйымы жанындағы қазақ ит тұқымдарының ұлттық орталығына маңызды рөл берілген. Орталықтың негізгі құзыретіне бірыңғай асыл тұқымды кітап жүргізу, қазақ ит тұқымдарының стандарттарын әзірлеу және басқа да міндеттер кіреді – деп түсіндірді ҚР мәжіліс депутаты Әміржан Рахымжанов. 

Жалпы әлемде иттердің 400 тұқымы белгілі екен. Осы ит тұқымдары аңшы иттер, күзет иттер және үйде ұсталатын декоративті (сән үшін) иттер болып үш топқа бөлінеді. Оның ішінде аңшы иттердің өзінің 100-ден астам тұқымы бар.Бұлардың 25 тұқымы бұрынғы Кеңестер одағы аумағында өсірілген. Олар жыртқыш аңдарға салатын, қоян, түлкі ұстайтын, құс аулайтын иттер болып кете береді. Бұл халықаралық арнайы кинологиялық қауымдастыққа тіркелген иттер туралы мәлімет. Депутаттардың пікірінше, біздің қазақы төбеттер мен тазы иттер бұл қауымдастыққа тіркелмеген. Біз сияқты өзге де еренсіз елдердің де ит тұқымдары аталмыш қауымдастыққа тіркелмеген болуы мүмкін. Бұл енді алдағы уақытта анықталар мәселе. Ең бастысы, сең қозғалды. Осы мәселе жөнінде депутаттар мен қоғамдық ұйымдардың, құсбегі сері азаматтардың пікірлерін бере кетуді де жөн көрдік.

Тәттімбет КӘПҰЛЫ, құсбегі: 

ЖАЙБАСАРЛЫҚ ТАНЫТСАҚ, ҚАЗАҚЫ ИТТЕН АЙРЫЛЫП ҚАЛАМЫЗ

– Тазы мен төбет – бабамыздан қалған ит тұқымы, халықтың ұлттық қазынасы, ұлттық мақтанышы. Бұл ит тұқымдары біздің ғасырлар бойғы тарихымызбен тікелей байланысты. Ал бүгінде қазақы ит тұқымы нашарлап, жойылып кету қаупі төніп тұр. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған екен. Бұл біздің ұлттық құндылықтарымызды сақтап, атадан балаға мұра ету үшін жасалған игі қадам деп білемін. «Өткенімізге топырақ шашсақ, келешек тас атады» дейді. Сондықтан, ұлт болып сақталып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтауымыз қажет. 

Біз бүгінде бірнеше ұлттық құндылықта­рымыздан ажырап барамыз. Енді жәйба­сар­лық танытсақ тазыдан да айырылып қалуымыз мүмкін. Жалпы тазыны сақтау не үшін қажет деген ой келуі мүмкін. Бізде қазақта «Жегеніңді білмейтін шұнаймысың, жұтқаныңды білмейтін құмаймысың, бергеніңді алатын құдаймысың» деген екен. Сонда құмай деген құс тазы итті табады екен. Бұл таудан түскенде «Тұқымымды тұздай құртатын құмай тазы түсіп келе жатыр» деп бөрілер аңдиды екен. Ары бармай-ақ бертінгі уақыттан сыр тартсақ, құмай тазы Абай атамыздың өзінің үйінде жастықта жатады екен. Құмай тазының терісі жұқа, тоңғақ келеді. Сондықтан жылы ұстайды. Бұл құмай тазының қасиеті – сұғанақ болмаған. Үй ішіндегі тағамға, ыдыс-аяққа жоламаған. Егер, тазы сүйкенсе дәрет бұзылмайды екен, ал төбет сүйкенсе дәрет бұзылады екен. Себебі төбетте сөл бөлінеді екен де, ал тазыда ондай сөл жоқ екен. 

Ертеде бір тазы бір ауылды асыраған. Осындай қасиетті, киелі ит тұқымы – тазының сақталуы біздің ұлттық кодымыздың сақталуы деп білемін. Жеті қазынаның біріне енген бұл тазы мен төбеттің бойындағы тазалық, иесіне деген адалдықты бүгінде адам баласынан да таба алмай қалатын кезіміз болады. Сондықтан тазыны сақтау туралы шешім – ертеңгі ұлттық құндылықтарымыздың даму, сақталу жолындағы ілкімді қадам деп білемін.

Елдос АБАҚАНОВ, Мәжіліс депутаты: 

ҚАЗАҚЫ ТӨБЕТТІ ҰЛТТЫҚ ҚАЗЫНА РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРУ КЕРЕК

–Қазақы ит тұқымдарын, оның ішінде тазы мен төбет иттерді қазақ тарихы мен мәдениетіндегі ұлттық қазына ретінде қарастыру керек. Сол себепті Парламент депутаттары Президент тапсырмасымен қазақы ит тұқымдарын сақтау мен өсімін  молайту туралы заңды әзірледі. Заңның негізгі мақсаты – қазақы ит тұқымдарын сақтау мен өсімін молайту және осы саладағы мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру. Өйткені бүгінгі таңда қазақы ит тұқымдарының генофоны нашарлап кетті. Көп өңірлерде толық жойылу қаупі де бар. Орта есеппен елімізде тазы итінің саны 100-ге жуық деген ақпарат бар. 

Заң аясында бірнеше жүйе қалыптасады. Оның ішінде қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту үшін арнайы уәкілетті орган бекітіледі. Одан бөлек арнайы ұлттық орталық құрылады. Оның жұмысын қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен қаражат ескерілген. 

Сонымен, арнайы халықаралық кинологиялық қауымдастыққа осы тазы мен төбет иттерді қазақы ит тұқымдары ретінде тіркеу мақсаты бар. Ол үшін қазір тиісті жұмыстар жүріп жатыр.  

Сондай-ақ заң аясында қазақы ит тұқымдарына қатысты арнайы стандарт бекітіледі. Онда иттердің барлық физикалық сипаттамасы көрсетіледі. Егер иттер сол стандартқа сәйкес болса, «Асыл тұқымды ит» деген куәлік беріледі. Одан бөлек бірыңғай асыл тұқымды иттердің кітабы пайда болады. Генетикалық тұрғыдан таза ит тұқымдары, қайта пайда болған, жаңғырған ит тұқымдары осы кітапқа енеді. Сол арқылы генетикалық тұрғыдан таза иттердің жалпы санын білетін боламыз. Ол кітапқа ену үшін иттің иелері орталыққа хабарласып, иттің асыл тұқымды екенін растайтын құжаттарды ұсынуы керек.

Былтыр «Жануарларға жауап­кершілікпен қарау туралы» Заң қабылданған. Сол заң аясында жалпы иттердің есебі жүргізілетін болады. Ал қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту туралы заң аясында тек қана таза, асыл тұқымды иттердің саны анықталады. 

Алмасбек САДЫРБАЕВ, «Шопан ата» аграрлық қозғалысының төрағасы: 

ТАЗЫҒА ҚАТЫСЫ ЖОҚ МИНИСТРЛІК МӘСЕЛЕНІ ШЕШЕ МЕ?

–Жалпы біздің елде Президент айтпаса, тиісті министрліктер мен Үкімет өздігінен бастама көтеріп, бір шаруа тындырмайтындай көрінеді маған. Сондай-ақ «Президент айтты» деп мәселенің мәнісіне терең үңілмей, төбет ит пен тазыға қатысы жоқ министрлікке бұл міндетті жүктеп жатыр. Атап айтқанда, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне осы істі ары қарай жүргізуді жүктеп отыр. Енді осы дұрыс па? Төбет ит те, тазы да малды қасқырдан, ұрыдан күзететін шаруаның көмекшісі емес пе? Ал мал шаруашылығы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарайды ғой. Иттің де ауруы болады. Оған туғаннан бастап екпе егіп, аурудың алдын алмаса, оның ауруы мал мен адамға жұқпай ма? Осыны ойлап, ескеру үшін Оксфорд, Кембридж университеттерінің оқуын тауысу міндетті емес. Мәселеге кішкене тереңдей үңілсе, жетіп жатыр. Мәселен, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде ветеринар ғалымдар жоқ. Оларда эколог, биолог ғалымдар, орман инженерлері қызмет істейді. Ал генетик ғалымдар, ветеринар дәрігерлер Ауыл шаруашылығы министрлігі мен оған қарасты комитет, басқармаларында да бар. Мен өзім қойшының баласымын. Кеңес заманында ветеринария саласы жақсы дамығаны белгілі. Сол кезде көктем мен күзде мал дәрігерлері мал емдегенде иттердің де тамағына қосып дәрі беріп, екпелер егіп кететін. Осыны көзімізбен көргендіктен айтып отырмын.

Сондықтан Үкімет пен депутаттар осы мәселені ескерсе екен. Әлі жұмыс басталған жоқ қой. Кеш болмай тұрғанда өз қателіктерін түзетсін. 

Источник: 

Прочитано 3902 раз
Оцените материал
(0 голосов)

footerlogo

 

«Информационно-развлекательный интернет-ресурс об охоте, рыбалке и активном туризме».
© 2024 Сайт Кансонар. Все права защищены.

Яндекс.Метрика