helix3->PresetParam('_megabg')) ? $this->helix3->PresetParam('_megabg') : '#ffffff'; $megabgtx = ($this->helix3->PresetParam('_megatx')) ? $this->helix3->PresetParam('_megatx') : '#333333'; $preloader_bg = ($this->helix3->getParam('preloader_bg')) ? $this->helix3->getParam('preloader_bg') : '#f5f5f5'; $preloader_tx = ($this->helix3->getParam('preloader_tx')) ? $this->helix3->getParam('preloader_tx') : '#f5f5f5'; // load css, less and js $this->helix3->addCSS('bootstrap.min.css, font-awesome.min.css') // CSS Files ->addJS('bootstrap.min.js, jquery.sticky.js, main.js') // JS Files ->lessInit()->setLessVariables(array( 'preset' => $this->helix3->Preset(), 'bg_color' => $this->helix3->PresetParam('_bg'), 'text_color' => $this->helix3->PresetParam('_text'), 'major_color' => $this->helix3->PresetParam('_major'), 'megabg_color' => $megabgcolor, 'megatx_color' => $megabgtx, 'preloader_bg' => $preloader_bg, 'preloader_tx' => $preloader_tx, )) ->addLess('legacy/bootstrap', 'legacy') ->addLess('master', 'template'); //RTL if ($this->direction == 'rtl') { $this->helix3->addCSS('bootstrap-rtl.min.css') ->addLess('rtl', 'rtl'); } $this->helix3->addLess('presets', 'presets/' . $this->helix3->Preset(), array('class' => 'preset')); //Before Head if ($before_head = $this->helix3->getParam('before_head')) { echo $before_head . "\n"; } ?>
Вторник, 26 марта 2019 10:04

Қазақы төбеттің киесі

«Қансонар» журналының кезекті қонағы белгілі жазушы және қазақ тарихына тыңнан түрен салып, қытайдеректері арқылы көне тарихымыздың көмбесін ашқан – Қойшығара Салғараұлы. Журналымыз ұлттық құндылықтарымыз – аңшылық пен саятшылық бағытында болғандықтан, әңгімемізосы тақырыпта өрбіді.

 – Еңбек жолымды қойшылықтан бастаған адаммын, қарағым. Кеңестік биліктің солақай саясатының нәтижесінде өзім қатарлы өрімдей жастар мектеп бітірісімен ұрандап, ата кәсіп, қойшылықтың таяғын ұстады. Мен де көптен қалмай, екі жыл қой соңында салпақтадым, - деді Қойшығара атамыз.

– Қойшының адал серігі және түнгі күзетте таптырмас көмекші ит жайлы айта кетсеңіз? деген сауалымызға, сәл ойланып кеткен атамыз, бұрынсоңды ешкімге айтпаған, алдағы уақытта жазсам деп жүрген балалық шағынан бір естелік айтып берді. Естіген құлақта жазық жоқ, біз оны қағазға түсіріп, оқырманмен бөліскенше асықтық.

– Бес-алты жасар кезім болса керек, елде бір сайлау болды. Қыс кезі болатын. Күндіз қой бағып шаршағандарына қарамастан, әкем мен шешем екеуі дауыс беріп келе жатқанда, арттарынан бір күшік ереді. Күн боран болған соң аяп, бір жағы жалғыз ұл маған серік болсын деп, күшікті әкем қойнына тығып, үйге алып келді. Сол күшік маған туған інімдей болды. Түнде қойнымда жатады, таңертең тұрғанда шешем берген тамақты бөліп жейміз. Адам баяу өседі, ал ит бір жылда ұясына толады. Жыл өткен соң күшігім нән төбетке айналып шыға келді. Кішкентайымнан бірге өскен күшігім төбет болғанда өте ірі болып өсті. Әлі есімде, арқасына атша мініп алып, жүре беретінмін. Сол жылдың қысында, бір жасқа толып, сегіз қасқыр, жиырма екі түлкі алды. Оны арнайы баптап, аңға салған ешкім болған жоқ, қотанға түскен қасқырды құр жібермейтін. Ал, түлкілерді әкеммен бірге қой бағып жүргенде, ініне қуып тығып, денесі сыймай қалса інді қазып отырып, кіріп кетіп, мойнынан сүйреп шығаратын.

– Төбетті қалай атадыңыздар?

– Күшік келе салысымен терісінің сарылығына қарап, «Жолбарыс» деп атадым. Ертесіне қойдан келген әкем –Атын не деп қойдың? деді, - «Жолбарыс» деп қойдым деп едім, «Жаман иттің атын Бөрібасар қояды» деген, қой күзеткенге жараса болды деп, күшіктің атын «Қойтөбет» деп өзгертті де, табалдырыққа апарып, құлағы мен құйрығын шұнтитып кесіп тастады. Сосын біздің үйде «Майлыаяқ» деген тазы тұқымдас, қаншық итіміз болды. Тағдырдың сыйы шығар, бұл итімізде үйді өзі тауып келді. Үйге құт әкелген ит болды. Жазда Жыланшық дегеннің өзеннің бойын қоныстағанымызда үйге бір жылан кіргізген жоқ. Көре ме, ортан белінен бір тістеп аулаққа лақтырып жібереді. Қоянды көрген жерінен жібермейді. Көрген сәтте, құйындай жетіп барып, аяғымен қағып жіберіп, тыпыр еткізбей басып тұрады. Келіп, тыпырлап жатқан қоянды бауыздап алмайынша аяғымен басып тұратын. Сұмдық алғыр әрі жүйрік еді. Кейін «Қойтөбет» пен «Майлыаяқты» ұйықтырып, жылына бір ғана күшік алып отырдық. Күшігін алу үшін көршілес жатқан қойшылар жылдап кезекке тұратын.
Мақаланың жалғасын Qansonar журналының №8 шығарылымынан оқыңыздар.

Прочитано 19964 раз
Оцените материал
(0 голосов)
Другие материалы в этой категории: Свежий выпуск журнала Qansonar уже в продаже »

footerlogo

 

«Информационно-развлекательный интернет-ресурс об охоте, рыбалке и активном туризме».
© 2024 Сайт Кансонар. Все права защищены.

Яндекс.Метрика