helix3->PresetParam('_megabg')) ? $this->helix3->PresetParam('_megabg') : '#ffffff'; $megabgtx = ($this->helix3->PresetParam('_megatx')) ? $this->helix3->PresetParam('_megatx') : '#333333'; $preloader_bg = ($this->helix3->getParam('preloader_bg')) ? $this->helix3->getParam('preloader_bg') : '#f5f5f5'; $preloader_tx = ($this->helix3->getParam('preloader_tx')) ? $this->helix3->getParam('preloader_tx') : '#f5f5f5'; // load css, less and js $this->helix3->addCSS('bootstrap.min.css, font-awesome.min.css') // CSS Files ->addJS('bootstrap.min.js, jquery.sticky.js, main.js') // JS Files ->lessInit()->setLessVariables(array( 'preset' => $this->helix3->Preset(), 'bg_color' => $this->helix3->PresetParam('_bg'), 'text_color' => $this->helix3->PresetParam('_text'), 'major_color' => $this->helix3->PresetParam('_major'), 'megabg_color' => $megabgcolor, 'megatx_color' => $megabgtx, 'preloader_bg' => $preloader_bg, 'preloader_tx' => $preloader_tx, )) ->addLess('legacy/bootstrap', 'legacy') ->addLess('master', 'template'); //RTL if ($this->direction == 'rtl') { $this->helix3->addCSS('bootstrap-rtl.min.css') ->addLess('rtl', 'rtl'); } $this->helix3->addLess('presets', 'presets/' . $this->helix3->Preset(), array('class' => 'preset')); //Before Head if ($before_head = $this->helix3->getParam('before_head')) { echo $before_head . "\n"; } ?>
Понедельник, 13 апреля 2020 09:42

Тоқтар Әубәкіров: АҢШЫ ДЕГЕН ЕРЕКШЕ АДАМ

Өзін көкбөрінің ұрпағымыз деп есептеген бабаларымыз қасқыр аңын ерекше кие тұтқанын жақсы білеміз. Түркі қағанаты кезінде байраққа бөрінің суреті бейнеленсе, қасқырдың тырнағын, тісін тұмар ету үрдісі қазақта әлі бар. Өйткені, қасқыр – ержүректіктің, батырлықтың символы, оның иісінен жын-шайтанның өзі аулақ жүреді деген сенім бар.

Қазақтың аңшылары да қасқырдың барлығын жаппай ата бермеген. Киелісін таныған. Сондай киелі аңға ұлтымыздан шыққан тұңғыш ғарышкер, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров те жолыққанын айтады. Батыр ағамызбен болған сұхбатта осы оқиға жайында сұрап білдік.

– Аға, аңшылыққа шығып, қасқыр алатыныңызды жиі естиміз. Атқа мінгенде кез-келген қазақтың арқасы қозатыны секілді, аңшылық қасиет те бізге қанмен берілген секілді. Өзіңіз ұзақ уақыт бойы саясатта жүрдіңіз, мемлекеттік қызметтер атқардыңыз. Ал, аңшылықты қашаннан бері серік еттіңіз?

 – Мен тек қасқыр аулаймын. Оның да өз себебі бар. Жас кезімнен ерекше қызметтер атқардым. Адреналин көп шығып отырды. Түрлі сынақтарға қатысты жұмысым аяқталған соң, денеме адреналин жетіспеді. Біраз ауыра бастадым. Алматыда Шымбұлақта шаңғы тептім. Осылай денсаулығымды күтетін болдым. Кейін Астанаға көшіп келдім. Сынайтын ұшақ жоқ, шаңғы тебетін тау жоқ. Не істеу керек? Алматыда жүргенімде жігіттер Ski-Doo деген моторлы шанасын сыйлаған еді. Соны Астанаға келіп біраз айдап жүрдім. Айналамыз жазық дала, көп жерлер бос. Бірде бір үйір қасқырдың кетіп бара жатқанын көрпдім. Арттарынан қуып едім жетуге болады екен. Осылай шанамен қасқыр аулауды бастадым.

Тағы бір айтатын жайт, тоқсаныншы жылдары арнайы бұйрық шығып, бүкіл қыстақтардағы мылтықтарды жинап алған. Мал ұстайтын шопандардың біразы қарусыз қалды. Қолдағы малға шабатын ит-құс күрт көбейіп кетті. Мен ол уақыттарда Президенттің кеңесшісі болып жүргем. Бір күні Елбасы шақырып алып, маған осы бағытта арнайы тапсырма берді. Халыққа барып көмектес, тікұшақ сатып алғанда өің сынақтан өткізіп, елді аралап көр деді. Осылайша, регламентке сәйкес, тікұшақтардың арнайы маршрутымен ұшып жүрдім.

Ол кезде қасқырдың көптігі сонша, бір күнде елу қасқыр атып алған күндеріміз болды. Дәулет інім екеуміз аңға бірге шығып жүрдік.

Жалпы, тікұшақпен қасқыр алған қызық емес. Тез барасың, тез атасың. Ал, моторлы шанамен аңға шыққан бір ғанибет. Қасқырмен бетпе-бет шығасың. Алдымен оның ізін табасың, сосын артынан қуасың. Қасқыр сенің моторлы шанамен келе жатқаныңды жиырма шақырымнан сезеді. Сезімі сұмдық дамыған аң ғой. Оның ақылдылығы соншама, ол қашқан кезде аңшыны ой-қырлы жерге апарып, адастырып кетуге тырысады. Оның сырын түсінгенше де біраз уақыт кетті. Талай рет шанадан төңкеріліп, қаншама рет жарақат алдым. Бірақ қасқырды көргенде денең шымыр етіп, өзгеше күй кешесің.

Менің мақсатым – малшылар мен шопандарға көмектесу. Елге көмектессем деген оймен қасқыр атуға шығамын.

– Сонда өзіңізді кәсіби аңшымын деп санамайсыз ба?

 – Жоқ. Мен елге көмектессем деген оймен қасқыр атамын. Тек малмен күн көріп отырған елге көмектессем деймін.

Бір жылы Терісаққан өзенінің бойында қасқыр атып жүріп, бір қыстаққа бардық. Танып, үйіне шақырды. Үй иесі алты ағайынды әулеттің кенжесі екен. Қыстақ кеңес кезінен мал баққан әкесінен мұраға қалыпты. Ағалары қара шаңыраққа қалдырса керек. Сол жігіт мың жылқы, үш жүздей сиыр бағып отыр екен. Қойлары да біршама. Сөз арасында, әлгі жігіт биылғы қыста жетпіс жабағысын қасқыр жеп кеткенін айтып қалды. Қайталап сұрадым. «Қасқырға жем болған ұсақтүйек малдың санын айтпай-ақ қояйын, рас жетпіс жылқымды қасқыр жеп кетті» деді. Сосын оған сол түз тағысына жем болған жабағыларының жартысының ақшасына қаншама қарда жүретін шана алатын едің деп кейідім. Рахатын көрер еді. Болмаса мен сияқты азаматты жалда, жылына жетпіс жылқы берсең, бала-шағамның бәрін тастап, қасыңа келетін едім деп әзілдедім. Сөйтсем, «Өй, аға, сізді жалдасам міндетті түрде ақы төлеуім керек. Ал, қасқырдың қыстаққа келмеуі де мүмкін ғой» деп әзіліме әзілмен жауап берді. Жарайды деп, шай ішіп шыққан соң, сол қыстақтың қасынан алты қасқыр атып алдым. Осындай азаматтарға көмектесіп жүрген жайым бар.

– Қасқырдың ақылдылығы жайлы аңшылардың арасында небір қызықты әңгімелер бар. Қайбір жылдары Қарағанды өңірінде қасқыр көбейіп, көмекке сізді шақырған екен. Сол сапарларыңызда қасқырлардың мұндай қасиетіне куә болған жоқсыз ба?

 – Ондай оқиғалардың талайы болды ғой. Бірекеуін айтайын. Бір аңға шыққанымызда қасқырды атқанда сәл мүлт кетіп, жаралап кеттім. GPS картама координаттарын жазып алдым да екіншісінің артынан қуа жөнелдім.

– Аңға GPS картамен шығасыз ба?

– Әрине. Аңға дайындалып шықпасаң далада қаласың. Бес қаруың сай болу керек. Содан әлгі екіншісін шанама салып, жаралы қасқырға айналып келсем жоқ. Ізі де жоқ. Қар жауып, жасырып тастапты. Түсінбей қалдым. Қайда кетуі мүмкін? Мылтығымды алып айналып біраз жүрдім. Бір жерден жүннің ұшы қылтиып тұр. Барсам, әлгі қасқырым қарға басымен сүңгіп кетіпті. Шамалап тұрып, басынан атып едім, ұшып тұрып, қайта құлады. Ол – жараланған қасқырдың айласы.

Ал, енді бір жолы арлан қасқырды тастақтың үстімен қудық. Таудың үстіне шықты да жоқ болып кетті. Ары-бері қарап таппадық. Тауға шығып, винтовкамды алып, ойланып тұрсам қасқырым тастардың арасына кіріп кетіпті. Сол жерде оның қулығына тәнті болғаным бар.

Қайбір жылы бес-алты шанамен бір қасқырды бір шеті тік жартасты тауға қуып келдік те, таппай қалдық. Шығатын жер біреу ғана одан әрі құлама жар, оның биіктігі жиырма метрдей. Ар жағы жазық дала, бәрі көрініп тұр. Сосын жігіттерге айттым да, айналып түсіп, жар жағынан таудың үстіне қарай жайлап өрмелеп шыға бастадым. Қыстың күні. Өрмелеп келе жатсам, бір тастың арасында іздеген қасқырымыз тығылып жатыр. Ақылдылығын көрмейсің бе?! Енді оны жартас жағынан шығып қарамасаң көрмейсің. Қасқырдың қулығы деп айтқан дұрыс емес, оның ақылдылығы деп айтқан жөн. Динозавр заманынан бері қасқыр мен крокодил ғана қалыпты ғой.

Мен сіздерге айтайын, басында қасқыр аулап жүрген шанамыз сағатына алпыс шақырым жылдамдықпен жүретін. Одан артық жүре алмайды. Үлкен кісілер К-700 тракторымен алатынбыз деп айтатын. Ауыр трактор сағатына 30-40 шақырым ғана жүреді. Уақыт өзгеріп, шетелдік шаналар келе бастады. Сосын 60 емес, сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүретін шананы міндік. Сол шанамен қасқыр қуғанда сағатына 80 шақырым ұстап отырасың, қасқыр сол жылдамдықпен бірдей жүгіреді. Айтайын дегенім, заманға қарай бейімделіп отыратын жануар ол – қасқыр. Біз мініп жүрген шананың даусы машинадан ащы келеді. Соның даусын танып, пәленбай шақырым алыстан ести сала қаша бастайды.

Табиғи түйсіктері керемет дамыған аң ғой. Қасқырдың бөлтірігі ішкі түйсікпен туады екен. Көкбөрінің миллиондаған жылдардан бері планетаны адамзатпен бөлісіп жүргені осы түйсігінің мықтылығынан болса керек. Циркке барсаңыз, басқа аңның бәрі бар да қасқыр жоқ. Қасқыр – қолға бағынбайды. Оның намысы бар.

– Мылтығыңыздың маркасы қандай?

 – Түрлі мылтықтармен атып жүрдім. Он жылдай болды винтовкамен атамын. Қасқыр ату – оңай емес. Жай мылтығың болса, алысқа жетпейді. Қатты аяз кезінде бесатарың қатып қалады. Винтовка әскери мылтық болғандықтан өте шыдамды келеді.

– Қазақ аңшылары «аңның киесі болады, кез-келгенін ата беруге болмайды» дейді. Аң қағып жүргеніңізде «киесі бар» аңдарға кезіккен жоқсыз ба?

– Біріншіден, аңға шыққанда қасқырдан басқасын атпаймын. Екіншіден, бір жолы киесі бар қасқырды атып алғаным бар. Бір жыл кешірім сұрап, содан кейін ғана аңшылықта қолым жүре бастады.

Ол қасқырды төрт күн бойы қуалап, ата алмадық. Төртінші күні бір өзім әбден шаршатып, болдырған қасқырға жеттім. Қасымдағы жігіттер артымда қалып кеткен. Күн батып қалған кез. Қасқыр маған қарап, шоқиып отыр. Қасына барып, екеуміз сөйлесе бастадық. Қолымда винтовкам. Маған тесіліп отырған қасқыр бір кезде винтовкама қарап, қатты да қалды. Бір кезде винтовкамның оқ салғышы сырт етіп өзінен өзі жерге түспесі бар ма.

Менде де қимыл жоқ. Жайлап орнынан көтеріле берген қасқырға «Мынаның ішінде әлі бір оқ бар, секірсең бірден өлесің» деп едім, түсінген секілді қайта отырды. Шанаға түсіп кеткен магазинді бір қолмен ақырын алып орнына салып қойдым. Әлі күнге дейін түсінбеймін. Күні бойы тау мен тастан түспеген магазинім қасқыр қараған сәтте қалай түсті? Сөйтіп қасқырмен арбасып отырғанда жігіттер де келіп жетті. Бұл қасқырды жайдан-жай атуға болмайтынын бір түйсігім сездіріп тұрды. Өзі де бір дәу екен. Тістері деген аппақ. Ұзындығы есік пен төрдей. Қасқыр болса қорықпастан шоқиып отыр. Суретке түсірдік. Айналып біраз қарадық. «Жігіттер, мынаны жіберейік. Жайдан-жай атпайық, жүз метрдей ұзасын, бір реттен атайық, тисе тиді, болмаса жөнімен кете берсін» дедім. Ажалы жеткен екен, бір атқаннан мұрттай ұшты. Қыстың күні болғанмен, күн жарқырап тұрған. Пысынап, сырт киімді шешіп жүргенбіз ғой. Аңшылық бітті, үйге қайтайық деп, өлген қасқырды шанаға салып, қырық шақырымдай жердегі көлігімізге қарай бет алдық. Жолмен келе жатып, таудың ішіне кіріп едік, күн бірден бұлттанып, әп-сәтте аяз түсті. Араға жарты сағат өтпей жатып, дауыл көтерілді. Жігіттер шошып кетті, «Аға, не болды? Тоқа, тыныштық па? Жаңа ғана күн ыстық еді ғой» деп тоңып, аяқ асты бәрі әбігер болды. «Бұл киелі қасқыр, табиғат өз патшасымен қоштасып жатыр. Мұнымыз ақымақтық болды» деп жауап беріп, қалған жолды әзер жүріп өттік. Машинаға жетіп, шаналар мен қасқырды жүк салғышқа тиеп, жылы жерге отырып едік, бір сәтте күн жылып сала берді. Қасымдағы жігіттер аң-таң болды.

Мен жылына кем дегенде 25, орта есеппен 50 қасқыр алатынмын. Келесі жылы мүлде жолым болмады. Оның үстіне, қыстай ауырдым. Әзер дегенде аңға шығып едім, бір қасқырды жабылып жүріп әрең атып алдық.

Ай толғанда қасқыр ұлиды, солардың түні болып саналады. Бір жыл бойы ай толған сайын киелі қасқырдан кешірім сұрап жүрдім. Содан кейін ғана аңға шыққанда қасқырларды атып ала бастадым.

– Сіздің кейбір сұхбаттарыңызда жылқы өсіруді жақсы көретініңіз айтылады, қазір бұл әуестігіңізбен әлі де айналысасыз ба?

 – Жоқ. Қазір жылқымен айналысуды қойдым. Неге десең мен тұратын жер, қалаға кірді. Сол құжат күшіне енген күні көлікке бар жылқыны тиедім де ауылға апарып тастадым. Жылқыларым қазір жабайы болып кетті. Асылтұқымды жылқылар еді. Оларға ерекше күтім керек. Жылқы деген жануар бәрін түсінеді ғой. Оларды ұстайтын жер болмағандықтан ауылға жібердім.

– Ғарышқа ұшқаныңызда табиғаттың тылсым күштерін сезіндіңіз бе? Көк аспанмен көп нәрсеміз байланысты ғой, ерекше есіңізде қалғаны бар ма?

 – Көкке ұшқанда мұндай ерекше сезім тек менде ғана емес, әріптес ұшқыштардың, ғарышкерлердің біразының басынан өткен. Көк жүзінде ұшып келе жатқанда, санаңнан тыс мынаны істеу керек дегенді сезесің. Бала кезден көк аспанды анамдай сүйдім. Ұшып жүрген ұшақтарымды баламдай жақсы көрдім. Көк темірді жаны бар зат деп қарадым. Бұл – мен сияқты жан бар деп қарадым. Олардың маған деген көрсеткен жақсылықтарын да көрдім. Қиын сәттерде, көк темірдің өзі маған сынамын, қазір бұзыламын деп белгі беретін. Мен соны сездім. Осыған сенуге бола ма, болмай ма? Бірақ мен сендім. Талай рет түрлі оқиғалар басымнан өтті. Ұшақты жүргізетін рөл болады. Бір жолы әлемде баламасы жоқ МИГ-29 ұшағымен, жерден 1 шақырым биіктікте, сағатына 1500 шақырым жылдамдықпен ұшып келе жатып, біреу тоқта дегендей болды. Тоқтап қалып едім, ұшақтың рөлі еркіме бағынбай, қатып қалды. Ұшақ маған бағынбай, сағатына 8000 шақырымға дейін көтеріліп кетті. Жерге хабарлап едім, катапультпен секір деген бұйрық келді. Қалай секіресің? Ұшып келе жатқан темірді қалай ғана еркіне жіберіп, айдалаға барып құлауына қалай мүмкіндік бересің? Темір жанып кетсе, мұның себебін біле алмаймыз ғой. Амалдап жерге қондырдым. Сол кезде осы ұшақтың 6 данасы сынаққа жіберілген. Жерде инженерлермен бірлесіп, қатені таптым. Өзге 5 ұшақта да осындай техникалық кемшіліктерді анықтадық. Ал, өзге ұшқыштардың тағдыры не болар еді? Мыңдаған ұшақтар өндіріске жіберіліп, қаншама шығын келер еді.

– Тоқтар аға, биыл жетпіске толасыз. Журналымыздың оқырмандары мен аңшыларға не тілер едіңіз?

 – Аңшының аты ерекше. Аңшы деген – бүкіл жануарды ата бермеуі керек. Аңда жердің жаратылысы.

Олардың да бізбен бірдей өмір сүруге құқысы бар. Аңға шығып жүргендерді білем. Олар – аңшы емес, өлтіргіштер. Қоян, елік, қасқыр болсын шетінен ата береді. Аңшы деген ерекше адам. Үйінде тамағы бол- маса, табиғаттан рұқсат сұрап, өзінің тамағын айырса болады. Бұл – ертеден келе жатқан дәстүріміз. Аңшы деген аңдарды қызық үшін өлтіре берсе, жерде не қалады? Жанып кеткен топырақ қалады. Қазір тамақ тоқ, заман жақсы, жайдан-жай жануарларды ата беруге қарсымын. Дұрыс аңшылыққа шығып жүрген азаматтарға қанжығаларың майлансын деймін.

Оқырмандарыңызға журналдың әр санын үзбей оқып, жаңа саны шыққан сайын, қауыша берсін дегім келеді. Осы журнал оқырмандарыңызға тек қызықты жаңалық пен үлкен азаматтарымыздың қызықты сұхбаттарын жеткізе берсін деймін

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан
Олжас БЕРКІНБАЕВ

Журнал "Qansonar" 2016 №1(9)

Прочитано 4554 раз
Оцените материал
(0 голосов)

footerlogo

 

«Информационно-развлекательный интернет-ресурс об охоте, рыбалке и активном туризме».
© 2024 Сайт Кансонар. Все права защищены.

Яндекс.Метрика