helix3->PresetParam('_megabg')) ? $this->helix3->PresetParam('_megabg') : '#ffffff'; $megabgtx = ($this->helix3->PresetParam('_megatx')) ? $this->helix3->PresetParam('_megatx') : '#333333'; $preloader_bg = ($this->helix3->getParam('preloader_bg')) ? $this->helix3->getParam('preloader_bg') : '#f5f5f5'; $preloader_tx = ($this->helix3->getParam('preloader_tx')) ? $this->helix3->getParam('preloader_tx') : '#f5f5f5'; // load css, less and js $this->helix3->addCSS('bootstrap.min.css, font-awesome.min.css') // CSS Files ->addJS('bootstrap.min.js, jquery.sticky.js, main.js') // JS Files ->lessInit()->setLessVariables(array( 'preset' => $this->helix3->Preset(), 'bg_color' => $this->helix3->PresetParam('_bg'), 'text_color' => $this->helix3->PresetParam('_text'), 'major_color' => $this->helix3->PresetParam('_major'), 'megabg_color' => $megabgcolor, 'megatx_color' => $megabgtx, 'preloader_bg' => $preloader_bg, 'preloader_tx' => $preloader_tx, )) ->addLess('legacy/bootstrap', 'legacy') ->addLess('master', 'template'); //RTL if ($this->direction == 'rtl') { $this->helix3->addCSS('bootstrap-rtl.min.css') ->addLess('rtl', 'rtl'); } $this->helix3->addLess('presets', 'presets/' . $this->helix3->Preset(), array('class' => 'preset')); //Before Head if ($before_head = $this->helix3->getParam('before_head')) { echo $before_head . "\n"; } ?>
Четверг, 11 марта 2021 09:50

Тазы қазақтың маңдайына біткен сыйы

Үй хайуандары ішінде адамға иттен жақыны жоқ. Мүмкін адамзат оны естілігі мен адал болуына байланысты өзіне жақын тартқан болар. Ел аузында «Ит – жеті қазынаның бірі» делінген. Бұл жерде біз білмейтін үлкен бір құпияның бар екендігі рас. Қарап отырсақ ит жыл санаудың бір мүшеліне қосылған. Мұның өзі ерекше қасиеттілігінде деп сенемін.

Ит малшыларға мал бағу барысында жан серігі бола білді. Болашақта да ол өзінің осы бір адал қызметінен еш уақытта айнымайды деп сенеміз. Мысалы: ит-құстан, ұрыдан малды қорыса, қийын қыстау заманда ит бір ауылды күзетіп тұрған да жағдайлар кездеседі тарихи аңыз деректерде. «Ит – адамның құлағы» ия болмаса «итсіз қойшы саңырау» деген халық мақалмәтелдерден, олардың мал күзетуде орны ерекше болғанын байқаймыз. Ертеде, ауыл-аймаққа тұтқиылдан жау шабуыл жасаған кездер тарихта аз болмағанын оқып- біліп жүрміз. Көп жағдайда елді аман алып қалған да, қалатын да осы иттер болатын. Иттің жақсы қасиеттері мол болғандықтан қазақ халқында итке қатысты ырым-тыйымдар, жоралғылар, тіпті салт-дәстүрлер де көп болған.

110320211

Дәстүрлі қазақы қоғамында негізгі тұқымдар болып саналатын тазы мен төбеттің пайда болуына байланысты көптеген деректер бар. Оларды сыртқы және өзіндік физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты тықыр жүнді (таз) және қалың жүнді (барақ) деп жіктеген. Тықыр жүнді иттерге тазы, ал ұзын жүнді барақ иттерге төбет тұқымдастары жатады. Сонымен қатар қазақта кездесетін аралас тұқымды будан иттер – дүрегей деп аталған. Ерекше жүйріктігімен және ептілігімен ерекшеленетін, аңға салынатын итті – тазы деген. / Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет /

Қазақта «ит – үйдің ырысы» деген сөз бар. Дәстүрлі ұғым бойынша адам басына қонған құт пен шаңыраққа келген бақ көбінесе ит бейнесінде келеді екен. Ондай үйге құтпан ит немесе алғыр тазы бітеді. Ол адамның барлық тілеуін жүзеге асырып, мұратына жеткізеді деседі. Өйткені ит иесінің ырыздығының таусылмауын үнемі тілеп жүреді. Көне аңыздардың бірінде иттің адамзаттың бір ырыздығы бидайды қалай сақтап қалғандығы жөнінде айтылады. «Басқа да жанжануарлармен бірге Нұх кемесіне мінгенде ит аузында тістеген бидай сабағымен кетіпті». Сөйтіп, ит адамзатты аман алып қалыпты. Әрі сақшы, күзетші, әрі қамқор иттің көшпелі ортада ерекше қастерленгендігі соншалықты «итті теппе – ырысың кетеді» деген тыйым да қалыптасқан. Тіпті ит болмаса тамақтың артығы далаға төгіліп, обал, ысырап болар еді. Бұл хайуанның адам ырыздығының сақшысы, сақтаушысы екендігінің тағы бір мәні осында дегенге келтіреді ит туралы ел арасында кең тараған тағы бір әңгіме-аңыздың мазмұны желісінде.

110320212

Ұлы даланы мекендеген халқымыздың көнеден үзілмей сақталып келе жатқан қазынасының бірі – саятшылық. Көшпелі күн кешкен бабаларымыз үшін тазының орны ерекше болды.

Қашқан аң құтыла алмайтын шапшаңдығы, желдей ескен жүйріктігі, қайтпас батылдығы оның бағасын арттырды. Тіпті, ашаршылық уақытында бір ауылдың адамдарын құмайдың аңшылық күшімен аман қалған деген әңгімелер әлі де ел аузында. Тазы тумысынан саятшылық үшін жаратылған. Тазы итке қазақ ырымдап көбіне «Жебе» деген ат беретіндігі де сондықтан.

Таза аңшылық үшін асырайтын болсаңыз көзін ашқаннан баули бастау қажет.

Суыққа төзімді, жылдам, қайсар мінезді тазылар ұлтымыздың кез келген аңыз-*әбсаналарымен бірге жасасып келе жатқан жайы бар.

110320213

«Кешегі кеңес заманында ұлттық байлығымыздың, бабаларымыздан қалған мол мұраның елеусіз қалғаны рас. Соның кесірінен дала қадірін, дарқан далада тіршілік құрған жылқымыз бен жеті қазынаның бірі санатындағы – итімізді, яки, маң төбетіміз бен жүйрік тазымызды біржола ұмытуға таяу қалдық. Ен даланы жайлаған аруақты ата-бабаның қолғанаты болған, малын баққан, қотанын күзеткен, саятшылық салтанатын елден ерек еткен маң төбет пен жүйрік тазының тұқымы тұздай құрып кетуге аз қалды. /«Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауым-дастығы басқармасының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, «Егемен Қазақстанға» сұхбат Байқал Байәділ /

Таяу күндерде Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала мұрасы» халықаралық турнирінің алдында, облысымызда ұлттық саятшылық өнерін насихаттау мақсатында қазақы тазылар турнирі өткізілді. Облысымыздың аудандарынан және Нұр – Сұлтан қаласынан 20-ға жуық тазылар қатысты. Қатысқан тазылардың басым көпшілігінің тектеріне байланысты құжаттары бар болып шықты. Бұл да болса бір жетістік болып отыр. Себебі бүгінгі таңда тегіне байланысты құжаты жоқ, тексерілмеген тазылар мен иттерді асыл тұқымдығы жатқызу, ауызбен айту белең алып барады.

Турнирдің ашылу салтанатында «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субьектілерінің республикалық қауымдастығы Павлодар облысы өкілдігінің директоры сөз алып, қазақы тазы мен төбеттің халқымыз үшін орны ерекше екендігін жеткізді. Тазы тұқымын асылдандыру, байырғы бабамызға біткен құмай тазы тұқымын көптеп ұстауды жандандыру керектігін баса айтты. Облыстағы тазыларды жинақтап, құжаттандырып, осындай турнирлерге қатыстыру жұмыстарын жолға қою керек екендігі дәл осы мінберде сөз болды.

110320214

Осылайша дүбірлі дода болып өткізілген тазылар курсингінің нәтижесі бойынша, халықаралық сайысқа «Зара» иесі Уақбаев Ақан, «Сарыарқа» иесі Искаков Бекболат аттанатын болды. Көптен күткен жарыс Қарағанды облысында өтті. «Ұлы дала мұрасын» ұлықтаған азаматтарымыз облыс намысын қолдан бермей, елге абыроймен оралды. Искаков Бекболаттың «Сарыарқасы» 1 – орын алса, Ақан Уақбаевтың «Зарасы» 32 тазы ит қатысқан жарыста, алғашқы ондыққа табан тіреді. Тазы қазақ халқының маңдайына біткен сыйы. Оларды баптап, сақтау сіз бен бізге міндет.

Пайдаланылған әдебиет:

  1. Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы, - Алматы: «Алматы кітап» Мұрат ҚАБЫЛБЕКОВ,

≪Қансонар≫ аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілірінің республикалық қауымдастығы Павлодар облысы өкілдігінің директоры

Журнал «Qansonar» №4(24), 2019 год

Прочитано 7229 раз
Оцените материал
(1 Голосовать)

footerlogo

 

«Информационно-развлекательный интернет-ресурс об охоте, рыбалке и активном туризме».
© 2024 Сайт Кансонар. Все права защищены.

Яндекс.Метрика