helix3->PresetParam('_megabg')) ? $this->helix3->PresetParam('_megabg') : '#ffffff'; $megabgtx = ($this->helix3->PresetParam('_megatx')) ? $this->helix3->PresetParam('_megatx') : '#333333'; $preloader_bg = ($this->helix3->getParam('preloader_bg')) ? $this->helix3->getParam('preloader_bg') : '#f5f5f5'; $preloader_tx = ($this->helix3->getParam('preloader_tx')) ? $this->helix3->getParam('preloader_tx') : '#f5f5f5'; // load css, less and js $this->helix3->addCSS('bootstrap.min.css, font-awesome.min.css') // CSS Files ->addJS('bootstrap.min.js, jquery.sticky.js, main.js') // JS Files ->lessInit()->setLessVariables(array( 'preset' => $this->helix3->Preset(), 'bg_color' => $this->helix3->PresetParam('_bg'), 'text_color' => $this->helix3->PresetParam('_text'), 'major_color' => $this->helix3->PresetParam('_major'), 'megabg_color' => $megabgcolor, 'megatx_color' => $megabgtx, 'preloader_bg' => $preloader_bg, 'preloader_tx' => $preloader_tx, )) ->addLess('legacy/bootstrap', 'legacy') ->addLess('master', 'template'); //RTL if ($this->direction == 'rtl') { $this->helix3->addCSS('bootstrap-rtl.min.css') ->addLess('rtl', 'rtl'); } $this->helix3->addLess('presets', 'presets/' . $this->helix3->Preset(), array('class' => 'preset')); //Before Head if ($before_head = $this->helix3->getParam('before_head')) { echo $before_head . "\n"; } ?>
Среда, 03 июля 2019 18:25

Аңшылық шаруашылығы жаңа деңгейге көтерілмек

2012 жылғы 29 қаңтарда күшіне енген «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясына сәйкес аңшылық шаруашылығын басқару және жүргізу мәселелері бойынша мемлекет пен қоғам арасында жаңа әріптестік қатынастар қалыптасқаны белгілі. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мұндай жаңалық ТМД елдерінің бір де бірінде, сондай-ақ демократиялық дамыған елдердің басым бөлігінде әлі ендіріле қойған жоқ деп танылуда. Ендеше бұл біздің елде нақтылы қалай іске аспақ? Осы және тақырыпқа байланысты туындаған басқа да сұрақтардың шешімін тарқату үшін біз «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық Қауымдастығының төрағасы О.Әбдікәрімовке жолыққанбыз-ды. Төрағамен өткізілген сұхбатымызды төменде оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

 

- Оралбай Әбдікәрімұлы, «Қансонар» қауымдастығының алдына қойылған басты міндет – аңшылықты жаңа деңгейге көтеру дейсіз. Ол алдымен қандай ісшаралардан бастау алуда?

 - 2012 жылғы 29 қаңтарда күшіне енген «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясына сәйкес еліміздің аңшылық жұртшылығы мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің алдына республикалық қауымдастық құру міндеті қойылып және мемлекет тарапынан қауымдастыққа жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өз өкілеттіктерінің бір бөлігі берілгенді. Осылайша, аңшылық шаруашылығын басқару және жүргізу мәселелері бойынша мемлекет пен қоғам арасындағы әріптестік қатынастарды қалыптастырудың құқықтық негіздері жасалды. Парламентіміз бен Үкіметіміздің бұл шешімінің бірегейлігі – ТМД-ның бір де бір елінде және демократиялық дамыған елдердің басым бөлігінде мұндай жағдайлардың жоқтығымен, оның үстіне мұндай мәселелерді күнделікті өмірге енгізу әрекеті болмағанымен ерекшеленеді.

Әділіне келсек, Қазақстанда социалистік жоспарлы экономика кезінде ірге тасы қаланған Қазақ аңшылары мен балық аулаушыларының одағы 1958 жылы құрылып, күні бүгінге дейін жұмыс істеп келді. Алайда, ол өз қызметін нарықтық қатынастар жағдайына бейімдей алмай, көп жағынан еліміздің аңшылық шаруашылығындағы жетекші рөлін атқара алмады. Дегенмен, іс жүзінде одақтың әрбір облыста құрылымдық бөлімшелері сақталып қалғандықтан, біздің қауымдастық құруға солар негіз болып отыр. Сөйтіп, «Қансонар» қауымдастығы мемлекеттік аккредиттеу үшін жағдайлар жасауға саятын жұмыстың бірінші кезеңін орындап, оны 2013 жылғы 14 наурызда конкурстық негізде ұтып алды.

- Қауымдастыққа біріктірілген өңірлік өкілдіктер мен аңшылық шаруашылықтары және бекітілген аңшылық алқаптарының көлемі қандай болмақ?

- Алдымен мынаған тоқталсақ. Аңшылық шаруашылығы дегеніміз – адамзаттың көнеден айналысып келе жатқан тәсілі. Аң еті, майы, терісі мен мүйізі, олардан өңделетін емдік шикізаттар адам тұрмысында ертеден пайдаланылуда. Қазірдің өзінде көптеген елдер өз тұрғындарының тіпті кәсіптік және көріктік затқа деген сұраныстарын жабайы жануарлар өнімімен қанағаттандырып, оның ел экономикасын артырудағы рөліне жете мән беріп отыр. Жалпы, аңшылық дегеніміз – ауланатын хайуандардан өнім алатын өндірістік тәсілдердің бірі ғана. Оны күзетуі және өндіруіне белгілі дәрежеде қаржы жұмсалуы талап етілетін ауылшаруашылығы саласындағы егін жинаумен ғана салыстыруға болады.

Ал аңшы – аң аулауға заңды құқығы бар жеке тұлға, яғни, заңды сыйлайтын азамат. Кейбіреулер оны заңсыз аң аулайтын, обал-сауабы жоқ браконьермен шатастырады. Браконьер, ол – ұрлықшы: аң пайдаланушыдан ба, әлде үкіметтен бе, оған бәрі бір, әйтеу ұрласа болды.

Осы орайда аң пайдаланушы немесе аңшылық шаруашылығы дегеніміз – заңдық тәртіпте нақтылы аң аулауға жер аумағы белгіленіп берілген ұйым екенін айта кеткеніміз артық болмас. Ол қажетті көлік, тұрғын үй, аңшылық шарашылығы, оның ішінде арнайы мақсаттағы, жайларымен қамтамасыз етіледі. Ұйымның негізгі мақсаты – елді (оған куәлігі бар аңшылар және туристер де кіреді) аң шаруашылығы қызметімен қамтамасыз ету. Оған ауланатын аңдардың төлін өсіру есебінен аңшылық өнімін арттыру, ауланатын және сирек кездесетін аңдарды браконьерлерден, жыртқыш хайуандардан қорғау, жануарлардың есебін жүргізіп, жерсіндіру және аязды күндері қосалқы азықтандыру, құс өсіру мен биотехникалық сияқты толып жатқан шараларды қосыңыз.

Қазіргі кезде қауымдастық 18 өңірлік өкілдікті, 670-ке тарта, оның ішінде әлі бекітілмеген 30 аңшылық шаруашылығын біріктіреді, ал бекітіліп берілген аңшылық алқаптарының көлемі 104 млн гектарды құрайды. Аңшылардың жалпы саны, жоғарыда айттық, 130 мың адам немесе ел халқының барлық санының 0,08 пайызындайын құрайды.

- Қауымдастықтың іске асыратын негізгі міндеттері неде?

 - Қауымдастықтың басты міндеттерінің бірі қазіргі заманғы аңшылық тәртібін ендіру, бұл – сонымен бірге мәдени және эстетикалық мәні бар белсенді демалыстың бір түрі екенін ұғындырып, қалыптасасқан теріс көзқарасты қоғам әрі Үкімет тарапынан өзгерту болып табылады. Әйтпесе бізде, әсіресе, көбінесе шенеуніктердің арасында, жануарлар дүниесін сақтаудағы аңшылық шаруашылығының рөлін жете бағаламау байқалады. Аң шаруашылығы – есепқисапсыз тек аң атып, ерігу орны деп ұғынылып, ондағы қызметкерлердің бұл жерде жан-жануарларды қорғаумен бірге олардың төлін өсіру арқылы, өз тараптарынан еліміздің байлығына үлес қосып жатқандарын елемейді де. Қазақстанда аңшылық спорттық-әуесқойлық бағытта дамыйтын болады деген пікір осы тезиске сәйкес қалыптасты. Осындай біржақты ұстаным аңшылық проблемаларына Үкіметтің селқос қарауына әкеп соқты және мұның салдарлары өте ауыр болуы мүмкін.

Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің соңғы жылдары өткізген шикізаттарына есеп жүргізіп, талдау арқылы елімізде мамық жүнді жыртқыш жануарлар мен кеміргіштердің барлық өздігінен молайған түрлерінің өнімдері кәдеге жаратылмайтыны анықталды. Олардың саны көбейгені сонша, тіпті, популяциялардың өзін-өзі реттеуінің табиғи ошақтары шыға бастады. Бұл бірқатар өңірлерде құтыру індеті, кене энцефалиті, туляремия, конгоқырым қанды безгегі, лептоспироз, қышыма және басқа да аса қауіпті бактериялық және вирустық зоонозды аурулардың тұрақты ошақтарының пай- да болуына әкеп соғуы анық.

Алайда, республика Үкіметінің хайуанаттар арасындағы осындай қауіпті індеттердің алдын алу жөніндегі шешімдерінде бұл жұқпалы індеттерді тасушы жабайы жануарларды реттеу қажеттігі еш құжатта көрсетілмеген. Ал кәсіптік аңшылық – осыны ретке келтірудің бір тетігі бола алады.

- Ал кәсіптік аңшылықтың экономикалық тұрғыдан орындылығы қалай болмақ?

 - Кәсіптік аңшылықты жаңғыртудың экономикалық тұрғыдан орындылығы мынадан айқын көрінеді: біріншіден, өздігінен молаятын табиғи ресурстан бағалы мамық жүнді аң терісі шикізаты алынады; екіншіден, еңбек процесіне ауылдық жерлердің тұрғындары тартылады; үшіншіден, қауіпті зоонозды індеттердің мониторингіне, індеттердің алдын алуға және еміне жұмсалатын мемлекет қаражаты үнемделеді.

Кәсіптік аңшылықты жаңғырту үшін аңшылықпен айланысушылардың тек қана қалауы мен күш-жігері жеткіліксіз, бұған, бірінші кезекте, ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге көрсетіліп жатқандай, мемлекеттік қолдау қажет. Өйткені ауыл шаруашылығындағы жер және аңшылық шаруашылығындағы аңшылық алқаптары – өндірістің нысаны және құралы болып табылады. Демек, кәсіптік аңшылықтың экономикалық тұрғыдан орындылығы екі жағдайға, яғни, жануарлардың табиғи молаю- мен ұштасып және өндірістің табиғи реттелетін маусымдылығына да байланысты болмақ.

- Аңшылық шаруашылықтары алдында әлде де шешімін тапса игі еді дерліктей проблемалар жоқ емес шығар?

 - Әрине, бар. Бірден айтарымыз: ауыл және аңшылық шаруашылықтарына мемлекеттік көзқарас әртүрлі. Ауыл шаруашылығын мемле- кет жан-жақты қолдайды, мысалы, жеңілдіктер, дотациялар, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына залал келтірілген жағдайда өтемақы көзделуі сияқты, басқа да нақтылы қолдаулар бар. Ал аңшылық шаруашылығындағы жағдай мүлдем басқаша. Мемлекет шенеуніктері өздерінің әрекеттерімен және әрекетсіздігімен аңшылықты пайдаланушыларға аң аулауға рұқсатты уақтылы бермейді. Белгісіз себептермен аңшылыққа тыйым салу, аңшылық алқаптарын мемлекет мұқтаждары үшін алып қою сияқты түрлі, ешбір жазаға тартылмайтын, кедергілер келтірілуде. Мәселен, біз жоғарыда атаған Заңда жер учаскелерін мемлекет мұқтаждары үшін алып қою кезінде аң пайдаланушыға өтемақы, залалдың орнын толтыру немесе резервтік қордағы аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде, преференциялар көзделмеген. Онда, сондай-ақ жабайы жануарларды, оның ішінде Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғау үшін көтермелеу шаралары көзделмеген. Соның салдарынан аңшылық шаруашылығын жүргізудің экономикалық негіздеріне нұқсан келтірілуде. Сондықтан аңшылық шаруашылығын одан әрі дамыту және оған қаржылай салымдар салуды ынталандыру мақсатында нормативтік-құқықтық базаға экономикалық ынталандыру шараларын енгізіп, мемлекеттік құрылымдар аңшылық шаруашылығы ұйымдарына залал келтірген жағдайда нақтылы жауапкершіліктері көрсетілуі қажет.

Біз аң аулау – орман, ауыл шаруашылығы сияқты, азаматтарымыздың қажеттілігін қанағаттандыра алатын, мемлекетке экономикалық пайда келтіретін тыныс-тіршілік саласы екендігін дәлелдеудеміз. Бұл проблемаларды шешу – «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы», «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Заңдарды және Қазақстан Республикасының Салық кодексін іске асыруға байланысты Үкіметтің бірқатар қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді.

Осылайша, «Қансонар» қауымдастығы алдында қолданыстағы заңнаманы өзгерту жөнінде кедергілерді еңсеру және оған мемлекеттік аппараттың көзін жеткізу жөніндегі табандылық пен қажырлылықты қажет ететін ауқымды жұмыс тұр. Осыған байланысты Қауымдастық пен Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі арасында өзара іс-қимыл және өзара қолдау туралы меморандумға қол қойылды да.

- Осы бағытта тағы қандайма іс-шаралар қолға алынуда?

 - Сонымен бірге Қауымдастықтың аңшылық және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Халықаралық кеңеске (СИ-АИ-СИ) кіруі алдағы не болашақ міндеттердің біріне айналуда. Бұл әлемдік беделді ұйым бес жылдан кейін өзінің 90 жылдығын атап өтпек. Бүгінгі күні СIC әлемнің 84 елінде белсенді жұмыс істейді. Оның құрамына үкімет мүшелері, қауымдастықтар мен университеттер, сондай-ақ сарапшылар мен жеке тұлғалар кіреді. Сөйтіп табиғатты тиімді пайдалана отырып, оны келер ұрпаққа сақтау мақсатындағы ортақ міндеттерді орындау жолында бүкіл әлем адамдары бірігуде.

- Ал сонда СИ-АИ-СИ-ге кіру бізге не бермек?

- Бірінші кезекте бұл – тұрақты аң аулау және жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануды реттеу саласындағы саясатты, заңнаманы және стандарттауды әзірлеуде халықаралық тәжірибені пайдалануға жол ашады. Сонымен қатар, зерттеулер жүргізуге, ауыл халқының әлауқатына оң ықпал ететуге, дәстүрлі аң аулауды қолдауға, Қазақстан өңірлерінде және шетелдерде аңшылық турларды, браконьерлікпен күресті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қазақстанның СИ-АИ-СИ-ге кіруі әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болып табылатындығын тағы бір рет растайды.

Дұрыс аңшылық және жануарлар әлемін қорғау қорын құру қауымдастық үшін кезек күттірмес міндет болатын. Біз оны 2013 жылдың 26 маусымында іске асырдық та. Қазақстанда біздің қауымдастықтың қалыптасып, дамуына шынайы моральдық және материалдық көмек көрсетуге дайын азаматтар, нағыз аңшылар, табиғат пен жа- нуарлар әлемін қорғаушылар аз емес. Және мұны біз пайдалануымыз қажет те. Бірақ та олардың тарапынан әлі құйылып жатқан қаражат жоғын құлаққағыс ете кеткеніміз де жөн.

Қауымдастықтың өз қорының қаражаты аңшылық және жануарлар әлемін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, қауымдастықтың веб-сайтын, ұлттық телеарналардың бірінде арнайы бағдарлама ашуға, «Елдің ең үздік аң аулау шаруашылығы», «Ең үздік аңшы» деген сияқты байқау-конкурстар өткізуге, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді қолдауға және әртүрлі сипаттағы конференциялар, «дөңгелек үстелдер» өткізуге жұмсалмақ. Қауымдастықта, бүгіннің өзінде, қолға алған нақтылы қадамдарымен қоса, 2013 жылдың қазан айында «Қансонар» атты журнал редакциясы рес- ми құрылып, іске кірісе бастауы – біздің жоғарыда аталған шараларды алға асырудың тағы бір алғышарттарының бірі деп есептейміз.

- «Қансонар» қауымдастығы алдында шешімін табарлық тағы қандай міндеттер тұр дер едіңіз?

- Қауымдастық алдындағы келесі міндеттің бірі – ұйымдастырылған аңшылардың санын 130 мыңнан 180 мыңға дейін көбейту. Мұны ауылдық-селолық жерлерде тұратын азаматтардың аң аулауға құқықтарын рәсімдеуге қолжетімділігін жеңілдету арқылы орындауға болады. Ол – аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша қашықтан оқыту әдістемесіне жағдайлар жасау және оны көшпелі емтихан комиссияларының жұмысын оңтайлы ұйымдастыру деген сөз. Ол үшін азаматтарды аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша даярлау сапасын жақсарту қажет. Қауымдастық қазірдің өзінде баспа өнімінің электронды макеттерін әзір еткендіктен, алда электрондық жеткізгіштердегі ақпараттық анықтамалықтардың таралымын көбейтуге дайын. Сондықтан жергілікті телеарналарда және бейнеөнімдер арқылы азамат- тарды оқыту мүмкіндігі зерделенуде. Ескі үлгідегі аңшы куәліктері бланкілерінің жойылуына байланысты, кемінде 10 мың жаңа куәлікті, барынша қысқа мерзім ішінде, басып шығарып беру қажет.

 - Оралбай Әбдікәрімұлы, жалпы аңшылық мәселелері мемлекеттік деңгейде көтеріліп отырғандықтан тарихы тереңнен тамыр тартып, бейнелеп айтсақ, ұлттық мінез, болмыс-бітімімізге айналған, құс салып, саят құру сияқты, ұлттық аңшылығымызға тоқталмай кете алмаспыз. Мұның жайы қандай?

 - Иә, бізді біршама алаңдатып отырған да осы ұлттық аңшылық жайы. 2005 жылдан, аңшылықта қыран құстарды пайдаланатын аңшылардың санын есепке алу жүргізілгеннен бері, олардың саны өскен жоқ, қайта азайып кетті. Және бұған таңқалуға бол- майды да, өйткені, осы жылдары Үкімет ұлттық аңшылық қажеттілігі үшін табиғаттан аңшы құстарды (негізінен бүркіттерді) аулау және баулу жөнінде нақтылы бір шешім қабылдаған емес.

Осыдан барып біздің аңшылар мұндай құстарды заңды жолмен аулауға қол жеткізе алмай отыр. Бізді осы ежелгі аңшылық өзінің бастапқы мақсатын және аң аулау дәстүрін жоғалта отырып, барған сайын шоуға айналып бара жатқаны алаңдатады.

Мына салыстырмалы цифрлардың өзі біраз жәйіттен хабар бергендей. Мысалы, 2005

жылғы деректер бойынша, республикамызда 42 аңшы есепте тұрған болса, ал бір Францияның өзінде құс салып аң аулаумен 1400-ге жуық адам айналысады екен. Әрине, халқымыздың ұлттық та дәстүрлі аңшылығы мемлекеттік қолдауды қажет ететіні күмәнсіз және біз бұл қолдауға қол жеткізуге ұмтылатын боламыз.

- Ұлттық аңшылық жайы сөз етілерде кезіндегі аюдай қаһарлы қазақы төбеттер мен құстай ұшқыр құмай тазылар жайындағы әңгімеңіз тіптен бөлек болар-ау?!.

 - Иә, деймін, кішігірім тайыншадай жойқын да алыпсоқ, қайтпас қайсар төбеттер мен итала қаздың тұқымынан жаралған деген секілді аңызға бергісіз құмай тазылар турасында талай-талай әңгіме айтуға болады... Халқымыздың тұрмыссалтында көнеден етене сіңісті болып келе жатқан осынау хайуандардың санының бүгінде күрт азаюы да аңшылар қауымын алаңдатып отыр. Себебі: елімізде бұл иттердің таза тұқымын өсіру жағдайы өте төмен деңгейде. Қазақы төбет бойынша мемлекеттік стандарт жоқ. Қазақстанда оның санының нақты есебі жүргізілмеген және бұл тұқым бара-бара көзден ғайып бола келе басқа, мысалы, азиялық овчаркалар сияқты ит тұқымдастарына сіңісіп кетеді деген қауіп бар.

Сондай-ақ қазақы тазының жағдайы да мәз емес. Бұл тұқым үшін ұлттық стандарт белгіленгендігі аздап көңілімізді көншітсе де, алайда, елімізде бұл серіктеріміздің саны, әртүрлі себептермен, жылдан-жылға азайып келеді. Біріншіден, бұл тазының таза тұқымын өсіру негізінен қалаларда жүргізіледі. Ұлттық дәстүрге сай тәсілдерді пайда- ланып тазымен аң аулау, далалы жерлерде табиғи жағдайдың молдығына байланысты, негізінен тек ауыл тұрғындарының қолынан келетіні белгілі. Қалалықтардың, жоғарыда айтылған себептерге байланысты, заңды түрде аң аулауға мүмкіндіктері болмай отыр.

Сондықтан қауымдастық ұлттық аңшылықты қолдау бағдарламасын мемлекетпен бірлесе әзірлеу, облыс орталықтарында ғана емес, аңшы иттерді дәстүрлі түрде өсіретін ауылдық аумақтарда да мамандандырылған көрмелер мен көрсетілімдерді ұйымдастыру арқылы аталған проблемаларды шешуге болады деп есептейді. Бұл тарапта біздің жақын және алыс болашаққа арналған міндеттеріміз осындай.

Енді барлығы өзімізге байланысты болмақ. Бізге республиканың аңшылық қауымдастығы өзін-өзі басқара алатынын және тиімді ұйым бола алатынын дәлелдеуге мүмкіндік беріліп отыр. Әрине, бұл тың соқпақта қиындықтар да кездесер, сын да айтылар. Ісімізді ширата түсу үшін мұндай бақылау керек те. Біз оған дайынбыз да.

Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Болашақ – аграрлық секторда, әсіресе, шағын және орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруда. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Қазақстан ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс», - деп нақтылы аталған бо- латын. Біздің бастамамыз – Жолдауда көрсетілген нұсқаулармен үндескен және оны іске асырудың бірден-бір тиімді де заманауи амалы болып табылады деген сенімдемін. Өйткені біздің де негізгі мақсатымыз – әлемдік аңшылық тәжірибесіне негізделген және осы саланың Мәңгілік еліміз – Қазақстанымызда дамуында жаңа кезең болып табылатын фермерлік-аңшылық шаруашылығын ынталандыру арқылы оны дамыта түсу болып табылады.

- Тұшымды әңгімеңізге рахмет.

Сағидолла Көшімбаев, «Қансонар » журналының бас редакторы

Из журнала "Кансонар" 2014 год №1(1)

Прочитано 6144 раз
Оцените материал
(1 Голосовать)

footerlogo

 

«Информационно-развлекательный интернет-ресурс об охоте, рыбалке и активном туризме».
© 2024 Сайт Кансонар. Все права защищены.

Яндекс.Метрика